Жемқорлық – қауіпті індет

Жаңалықтар
28.04.2017, 12:29
Мемлекеттік қызмет істері  және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясы, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс» РҚБ Астана филиалының өкілдері Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ  қызметкерлерінің басын қосқан жиын  өткізді.   Жиынды ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Нұржан Жапарқұл  теміржол саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар қабылданып, осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Алғашқы болып сөз алған Мемлекеттік қызмет істері  және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы департаментінің директоры Тілеген Каскин қазір жер-жерде өтіліп жатқан  «Пара беру – бас бостандығыңнан айырады», «Парақорлық – балалардың арманын ұрлау» атты акциялардың  мақсаты,  әрбір қазақстандыққа сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамға қауіпті жат құбылыстың күнделікті өмірге кірікпеуін насихаттау екенін атап өтті. «Бүгін Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ жұмысын бастады. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы биылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күреске басымдық берді. Жемқорлық құдды індет сияқты. Оның дендеп кіріп, мысқылдап шығуына жол бермеуіміз керек. Ол біздің балаларымыздың болашағына қауіп төндіреді. Әрбір азаматтың өмірлік ұстанымы мен түсінігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру – басым бағыттардың бірі болуы керек.  Мемлекеттілік пен қоғамның моральдық негізін құрдымға батыратын жат қылыққа қарсы күрес негізін әрбір қазақстандық жете түсінуі тиіс»,– деді Тілеген Каскин. Кездесуде сөз алғандар өз ойларын ортаға салып, соңғы үш-төрт жылда сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырған мемлекеттік шенеуніктердің аты аталып, түсі түстелген, түрмеге тоғытылған көріністерінен бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел топ «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен аймақтардағы кәсіпорындарында да кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Нұрбек БЕКЕН

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...