Қаржылық жыл нәтижесі оң көрсеткішке ие
Новости
28.04.2017, 12:34
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2016 жылғы таза табысы 41 млрд теңгені құрады. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен негізінен ұлттық валютаның нығаюы нәтижесінде болған курс бағамындағы айырмашылық есебінен артық болып отыр.
Кеше «Самұрық-Қазына» АҚ-ның БАҚ үшін ұйымдастырған арнайы ақпараттық сессиясы барысында «ҚТЖ» компаниясының қаржы жөніндегі вице-президенті Жасұлан Мадиев осылай деп баяндады. Оның айтуынша, өткен жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер көлемі 3035 млрд теңгені құрап, 2015 жылдағы деңгейден 151 млрд теңгеге артық шықты. Компания капиталы былтыр 200 млрд теңгеге өскен. Бұл өсім акционерлік қоғамның теміржол желілері мен кеме жасау кешені және Астана теміржол торабын дамытуға 128,1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлуі есебінен болып отыр.
–Тарифтік жүк айналымы былтыр 188,2 млрд ткм болды. Компанияның транзиттік әлеуетті жүзеге асырудағы стратегиялық мақсаты – ұйымдастырылған пойыздардағы контейнерлік тасымалды дамыту. Бүгінгі таңда ҚТЖ Қытай мен Еуропа аралығында 15-тен аса транзиттік бағдарға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Транскаспийлік бағыттағы және Солтүстік – Оңтүстік бағдарындағы Қазақстанның транзиттік басым бағдарлары бойынша контейнерлік пойыздар ұйымдастырылуда. Бұл жаңа жүк ағымы, соның ішінде Ляньюнган портындағы қазақстандық терминалдан басталатын Стамбул және Тегеран бағыттары бар. Бұған қоса Астана көліктік логистикалық орталығы, Ляньюньган порты, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты, Ақтау порты, Ақтау теңіз солтүстік терминалы, Құрық теңіз портын тарту арқылы жаңа бағыттарда транзиттік тасымалды арттыру және жаңа бағдарларды жасау жұмыстары жүргізілуде, – деді Ж. Мадиев.
2016 жылы жолаушылар тасымалы 16,48 млрд жолаушы/км болып, бұл алдыңғы жылғы жағдайдан 5,9 пайызға артық орындалған. Бұған «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған пойыздарға жеңілдіктер енгізу есебінен болып отыр.
Капиталдық салым жөнінен қаржы былтыр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды. Атап айтқанда, «Алматы – Шу» телімдерінде екінші жол құрылысын салуға, Құрық порты кеме айлағының құрылысы, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құру және кешенді дамытуға, «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі құрылысына, сонымен бірге «Арқалық – Шұбаркөл», «Жезқазған – Бейнеу» жаңа теміржол желілері бойынша жобалардың жұмысын жалғастыруға, жаңа вокзал кешінен қоса алғанда Астана станциясы тораптық теміржолын дамытуға жұмсалды. Жолдың 354 км жоғары қабаты күрделі жөнделіп, жылжымалы құрамды жаңарту үшін 25 бірлік локомотив, 140 бірлік жолаушылар вагоны алынды. Бұған қоса теміржол инфрақұрылымын жаңартуға, қозғалыс қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған шаралар жасалып, жылжымалы құрамның техникалық жарамды жағдайын қамтамасыз ететін жөндеулер жүргізілген.
Компания қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жөнінде де сөз қозғаған вице-президент ҚТЖ-ның ең басты құндылығы – оның жұмысшылары екенін айтты. Сондықтан персоналды қолдау, кадрлардың қысқартудан сақтау, қайта даярлаудан өткізуге компания зор көңіл бөліп, арнайы саясат жүргізіп отыр. Былтырғы есеп бойынша, компанияда 133 мың адам еңбек етеді. Қоғамдағы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жұмыстары аясында жыл сайын Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар кешені жүргізіледі. Осы мақсатта өткен жылы компания 6 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года