Қаржылық жыл нәтижесі оң көрсеткішке ие

Жаңалықтар
28.04.2017, 12:34
 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2016 жылғы таза табысы 41 млрд теңгені құрады. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен негізінен ұлттық валютаның нығаюы нәтижесінде болған курс бағамындағы айырмашылық есебінен артық болып отыр.  Кеше «Самұрық-Қазына» АҚ-ның БАҚ үшін ұйымдастырған арнайы ақпараттық сессиясы барысында «ҚТЖ» компаниясының қаржы жөніндегі вице-президенті Жасұлан Мадиев осылай деп баяндады. Оның айтуынша, өткен жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер көлемі 3035 млрд теңгені құрап, 2015 жылдағы деңгейден 151 млрд теңгеге артық шықты. Компания капиталы былтыр 200 млрд теңгеге өскен. Бұл өсім акционерлік қоғамның теміржол желілері  мен кеме жасау кешені және Астана теміржол торабын дамытуға 128,1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлуі есебінен болып отыр. –Тарифтік жүк айналымы былтыр 188,2 млрд ткм болды. Компанияның транзиттік әлеуетті жүзеге асырудағы стратегиялық мақсаты – ұйымдастырылған пойыздардағы контейнерлік тасымалды дамыту. Бүгінгі таңда  ҚТЖ Қытай мен Еуропа аралығында 15-тен аса транзиттік бағдарға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар Транскаспийлік бағыттағы және Солтүстік – Оңтүстік бағдарындағы Қазақстанның транзиттік  басым бағдарлары бойынша контейнерлік пойыздар ұйымдастырылуда. Бұл жаңа жүк ағымы, соның ішінде Ляньюнган портындағы қазақстандық терминалдан басталатын Стамбул және Тегеран бағыттары бар. Бұған қоса Астана көліктік логистикалық орталығы, Ляньюньган порты, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты, Ақтау порты, Ақтау теңіз солтүстік терминалы, Құрық теңіз портын тарту арқылы жаңа бағыттарда транзиттік тасымалды арттыру және жаңа бағдарларды жасау жұмыстары жүргізілуде, – деді Ж. Мадиев. 2016 жылы жолаушылар тасымалы 16,48 млрд жолаушы/км болып, бұл алдыңғы жылғы жағдайдан 5,9 пайызға артық орындалған. Бұған «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған пойыздарға жеңілдіктер енгізу есебінен болып отыр. Капиталдық салым жөнінен қаржы былтыр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды. Атап айтқанда, «Алматы – Шу» телімдерінде екінші жол құрылысын салуға,  Құрық порты кеме айлағының құрылысы, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құру және кешенді дамытуға, «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі құрылысына, сонымен бірге «Арқалық – Шұбаркөл», «Жезқазған – Бейнеу» жаңа теміржол желілері бойынша жобалардың жұмысын жалғастыруға, жаңа вокзал кешінен қоса алғанда Астана станциясы тораптық теміржолын дамытуға жұмсалды. Жолдың 354 км жоғары қабаты күрделі жөнделіп, жылжымалы құрамды жаңарту үшін 25 бірлік локомотив, 140 бірлік  жолаушылар вагоны алынды.   Бұған қоса теміржол инфрақұрылымын жаңартуға, қозғалыс қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған шаралар жасалып, жылжымалы құрамның техникалық жарамды жағдайын қамтамасыз ететін жөндеулер жүргізілген. Компания қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жөнінде де сөз қозғаған вице-президент ҚТЖ-ның ең басты құндылығы – оның жұмысшылары екенін айтты. Сондықтан  персоналды қолдау, кадрлардың қысқартудан сақтау, қайта даярлаудан өткізуге   компания зор көңіл бөліп, арнайы саясат жүргізіп отыр. Былтырғы есеп бойынша, компанияда 133 мың адам еңбек етеді. Қоғамдағы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жұмыстары аясында жыл сайын Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар кешені жүргізіледі. Осы мақсатта өткен жылы компания 6 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсаған.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...