Балаларға қуаныш сыйлады

Новости
28.04.2017, 12:52
«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің Астанада өтуі елордамыздың мәртебесін асыра түсуде. Астананы көрген де, көрмеген де арманда. Әсіресе, ертегідей әсем қаланы аралап, көру балалардың арманы.             Осыған орай, Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі жақсы бастама көтеріп,  кеше теміржолшылар отбасының  21 баласына Астанаға саяхат ұйымдастырды. Балалардың елордаға сапарын  Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Сағындық Жұмабаев пен бөлімшенің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Нұрпейісов ұйымдастырса,  елорданы   тамашалауға  «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры  қолдау көрсетті. –Әсем қаламыз Астананы тамашалауға Қостанайдың шалғай станцияларында тұратын, өндірісте жұмыс істейтін көпбалалы және аз қамтылған теміржолшылар отбасыларының 9-15 жас аралығындағы балалары іріктеніп алыныпты. Жол ақысы, тамақтану шығындарын бөлімшенің кәсіподақ ұйымы көтерді. Ал біздің «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры «ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалы «Шаруашылық басқармасымен»  бірлесе отырып, кішкентай қонақтарымызды көлікпен қамтамасыз етіп, олардың кедергісіз жүріп тұруын қамтамасыз етті. Балалар Индустриялдық парк аймағын аралап, темір жолдың оқу орталығын аралап, бірі машинист, бірі дәнекерлеуші болып көрді. Бұдан кейін «Тұлпар-Тальго» зауытында болып, жолаушылар вагондарының қалай жасалатынын көзбен көріп, теміржолшы ағаларының әңгімелерін тыңдады. ЛҚЗ, ЭҚЗ зауыттарында да  болды. «ҚТЖ» ҰК»АҚ ғимаратында темір жолдың тарихынан сыр шертетін мұражайды, «Қысқы бақты»   тамашалады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық музейінде болып, тарихи жәдігерлермен танысты. Экскурсия жоғары деңгейде өткенін, бүлдіршіндердің бал-бұл жанған жүздерінен байқадық. Ал кешкісін олар пойызбен үйлеріне қайтады, – деп ой бөлісті Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының өкілі Айжан Сейітбаева.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года