Балаларға қуаныш сыйлады
Жаңалықтар
28.04.2017, 12:52
«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің Астанада өтуі елордамыздың мәртебесін асыра түсуде. Астананы көрген де, көрмеген де арманда. Әсіресе, ертегідей әсем қаланы аралап, көру балалардың арманы.
Осыған орай, Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі жақсы бастама көтеріп, кеше теміржолшылар отбасының 21 баласына Астанаға саяхат ұйымдастырды. Балалардың елордаға сапарын Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Сағындық Жұмабаев пен бөлімшенің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Нұрпейісов ұйымдастырса, елорданы тамашалауға «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры қолдау көрсетті.
–Әсем қаламыз Астананы тамашалауға Қостанайдың шалғай станцияларында тұратын, өндірісте жұмыс істейтін көпбалалы және аз қамтылған теміржолшылар отбасыларының 9-15 жас аралығындағы балалары іріктеніп алыныпты. Жол ақысы, тамақтану шығындарын бөлімшенің кәсіподақ ұйымы көтерді. Ал біздің «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры «ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалы «Шаруашылық басқармасымен» бірлесе отырып, кішкентай қонақтарымызды көлікпен қамтамасыз етіп, олардың кедергісіз жүріп тұруын қамтамасыз етті. Балалар Индустриялдық парк аймағын аралап, темір жолдың оқу орталығын аралап, бірі машинист, бірі дәнекерлеуші болып көрді. Бұдан кейін «Тұлпар-Тальго» зауытында болып, жолаушылар вагондарының қалай жасалатынын көзбен көріп, теміржолшы ағаларының әңгімелерін тыңдады. ЛҚЗ, ЭҚЗ зауыттарында да болды. «ҚТЖ» ҰК»АҚ ғимаратында темір жолдың тарихынан сыр шертетін мұражайды, «Қысқы бақты» тамашалады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық музейінде болып, тарихи жәдігерлермен танысты. Экскурсия жоғары деңгейде өткенін, бүлдіршіндердің бал-бұл жанған жүздерінен байқадық. Ал кешкісін олар пойызбен үйлеріне қайтады, – деп ой бөлісті Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының өкілі Айжан Сейітбаева.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...