"Қос қанатты" тепловоз

Новости
03.05.2017, 14:47
Теміржолшы танысымның бірде «Кезінде екі қанатты тепловоз қатынаған» дегенін естіген едім. Қайта сұрауға мүмкіндік болмады, бірақ  «екі қанатты тепловозы несі?» деген сол ой маған маза бермеді. Сөйтсем, шынында да 2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау локомотив депосында  «екі қанатты» тепловоз жүріпті. Тепловозды машинист Қанат пен оның көмекшісі Қанат басқарыпты. Осы екеуімен қозғалған отарбаны олардың құрдастары қалжыңдап солай атап кеткен. Тең-құрбылары тіпті «Екі қанатпен тепловоздың ұшатын кезі де келді» деп әзілдейді екен. Қазір сол Қанаттардың бірі –  Қанат Алдашов  машинист нұсқаушысы, көмекшісі Қанат Берназаров машинист болуға дайындалып жүр. Әзірге машинистке қолқанат. Айтпағымыз осы екінші Қанат жайлы. Алып денелі, жуан білекті жігіттің іске келгенде шапшаң қимылдап, сөз дегенде әжуалата жөнелуі таң қалдырды. Біз барғанда машинист Асқар Аекеевпен Ақтау портына жүкті жеткізіп, келіп, жұмысын тапсырып тұрған тұсы екен. Тепловоздың ішінде сөйлесудің сәті түсті. Онымен сыр алыса келе, қатар-құрбыларының ойын-сықақ сөздері бекер айтылмағанын байқадық. Бұл қасиет нағашы жұртынан дарыған шамасы. Тегі мен түрі түрікмен демесең, тілі мен болмысы қазақ. Анасы жағының жеті атасынан бастап, қазаққа қыз берісіп, қыз алысқан құда-туыстарының руын шежірелетіп тізбектей кеткенде таңданбасқа амал жоқ. «Жеті атам да Қазақстанда туып, өмір сүрді. Әкем Наурызбай Берназаров Форт-Шевченко қаласының, анам Гүлфара Аманбекова Опорный станциясының тумасы. Анамның ұлты қазақ. Нағашыларым, араласатын ортамның бәрі де қазақтар. Ұлтымның бөлектігі болмаса туған жерім Қазақстан, өскен жерім Қазақстан, білім алған тілім қазақ тілі, мені де қазақ деуге болады»   деп өз өмірінен де қосады арасында. Қанаттың арғы аталары да Форт-Шевченкода туыпты. Түбекке ертеде келген түрікмендерден. Өзі отбасындағы 5 баланың бірі. Локомотив шаруашылығындағы жұмысқа 2008 жылы келіпті. Жұмысын Қарағанды теміржол-техникалық мектебіндегі оқу курсынан кейін бастайды. 2 ай машинист пен көмекшісінің қасында тәжірибе жинап, машинист көмекшісі орнына орналасады. 2012 жылы машинистің оқуын аяқтайды. Бүгінде жолаушылар пойызында машинист көмекшісі. – Машинист көмекшінің қызметі жолға шығарда құрал-сайманды түгендеп, жанар-жағармайын, өзге де қажет нәрселерді тасада қалдырмай қараудан, тепловоздың жұмысқа дайындығын зерделеуден басталады. Ол сапар алдында қателеспеуге тиіс. Жұмысымыз қызық, білген, өз жауапкершілігін сезінген адамға қиындығы жоқ. Бастапқы күндері түннің кез-келген уақытында жұмысқа шақырғанына ұйқыдан қиналатынмын. Кейін оған да төселдім. Ол уақытта жүк пойызында жүрдім. Қазір №309, 313 жолаушылар пойызына шығамын. Арасында жүк пойызына да жіберіп тұрады. Негізінен Ақтөбе, Атырау, Астана, Алматы бағыттарындағы жолаушыларды тасымалдаймыз. Жүк және жолаушылар пойызында алып жүретін кейбір құралдарда сан жағынан ерекшеліктер бар. Біз соны шатастырмауымыз қажет. Сондай-ақ ол жүретін жолындағы белгілер мен қауіпті бұрылыстарды, жол жөнін жаттап алуы, қырағы болуы керек. Әрбір ескертпені машинистке хабарлап, қасындағы серігінің хал-жағдайын бағамдап отыру көмекшінің міндеті, – дейді Қанат Берназаров.   - Қанатпен екеуіміз Маңғыстау - Сайөтес аралығында жолаушылар пойызын тасыдық. Аттас болған соң ішкі ұқсастығы бола ма адамнығ екеуміз бірден тіл табысып, бір-бірімізді үнсіз түсінетінбіз, онымен жұмыс жасау оңай болды,-дейді аттасы әрі әріптесі  туралы Маңғыстау локомотив депосының машинист нұсқаушысы Қанат Алдашов. Қанат отбасындағы екінші теміржолшы. Немере ағасы Қайрат Бейнеу станциясында тепловоздардың жанар-жағармайын тексеретін теплотехник. Қанаттың бұл кәсіпті таңдауына түрткі болған да сол кісі. «Ағам үйге келіп, жұмыс формасын шешіп қойса, жасырын киіп көретінмін. Өзімді бір уақытқа теміржолшы кейпінде көру үшін қызық еді. Осындай қызығушылық осы мамандыққа деген құрметке ұласып, теміржолға  жетеледі» дейді бұл туралы. – Қанатпен екеуіміз Маңғыстау – Сайөтес аралығында жолаушылар пойызын тасыдық. Машинист үшін көмекшінің білікті әрі епті болғаны аса маңызды. Көмекшімнің бұл жағынан икемді екені қуантатын. Машинистің денсаулық жағдайы аяқастынан күрт төмендей қалса, алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, қажет болса пойызды тоқтатуға тура келетін сәттер де болады. Сондықтан ол менің жұмысымды бақылап, екеуіміз жол ережесін қайталап, бір-бірімізге көмегіміз көп тиген. Онымен жұмыс жасау оңай болды, – дейді жұмыстасы, Маңғыстау локомотив депосының машинист нұсқаушысы Қанат Алдашов. Қанаттың  қарындастары Гүлмира мен Динара бүгінде бір-бір шаңырақтың түтінін түтеткен қазақтың келіндері. Інілері Саламат пен Бағдат та қазаққа куйеу бала. Бауырларына қарайласа жүріп, орда бұзар отызға жеткен жігіт ағасының өзі де енді қиялдаған аруына үйленіп, шаңырақ көтеру ниетінде.  

Шахида Жұман, Маңғыстау.

Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года