"Қос қанатты" тепловоз
Жаңалықтар
03.05.2017, 14:47
Теміржолшы танысымның бірде «Кезінде екі қанатты тепловоз қатынаған» дегенін естіген едім. Қайта сұрауға мүмкіндік болмады, бірақ «екі қанатты тепловозы несі?» деген сол ой маған маза бермеді.
Сөйтсем, шынында да 2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау локомотив депосында «екі қанатты» тепловоз жүріпті. Тепловозды машинист Қанат пен оның көмекшісі Қанат басқарыпты. Осы екеуімен қозғалған отарбаны олардың құрдастары қалжыңдап солай атап кеткен. Тең-құрбылары тіпті «Екі қанатпен тепловоздың ұшатын кезі де келді» деп әзілдейді екен. Қазір сол Қанаттардың бірі – Қанат Алдашов машинист нұсқаушысы, көмекшісі Қанат Берназаров машинист болуға дайындалып жүр. Әзірге машинистке қолқанат. Айтпағымыз осы екінші Қанат жайлы. Алып денелі, жуан білекті жігіттің іске келгенде шапшаң қимылдап, сөз дегенде әжуалата жөнелуі таң қалдырды. Біз барғанда машинист Асқар Аекеевпен Ақтау портына жүкті жеткізіп, келіп, жұмысын тапсырып тұрған тұсы екен. Тепловоздың ішінде сөйлесудің сәті түсті. Онымен сыр алыса келе, қатар-құрбыларының ойын-сықақ сөздері бекер айтылмағанын байқадық. Бұл қасиет нағашы жұртынан дарыған шамасы. Тегі мен түрі түрікмен демесең, тілі мен болмысы қазақ. Анасы жағының жеті атасынан бастап, қазаққа қыз берісіп, қыз алысқан құда-туыстарының руын шежірелетіп тізбектей кеткенде таңданбасқа амал жоқ. «Жеті атам да Қазақстанда туып, өмір сүрді. Әкем Наурызбай Берназаров Форт-Шевченко қаласының, анам Гүлфара Аманбекова Опорный станциясының тумасы. Анамның ұлты қазақ. Нағашыларым, араласатын ортамның бәрі де қазақтар. Ұлтымның бөлектігі болмаса туған жерім Қазақстан, өскен жерім Қазақстан, білім алған тілім қазақ тілі, мені де қазақ деуге болады» деп өз өмірінен де қосады арасында. Қанаттың арғы аталары да Форт-Шевченкода туыпты. Түбекке ертеде келген түрікмендерден. Өзі отбасындағы 5 баланың бірі. Локомотив шаруашылығындағы жұмысқа 2008 жылы келіпті. Жұмысын Қарағанды теміржол-техникалық мектебіндегі оқу курсынан кейін бастайды. 2 ай машинист пен көмекшісінің қасында тәжірибе жинап, машинист көмекшісі орнына орналасады. 2012 жылы машинистің оқуын аяқтайды. Бүгінде жолаушылар пойызында машинист көмекшісі.
– Машинист көмекшінің қызметі жолға шығарда құрал-сайманды түгендеп, жанар-жағармайын, өзге де қажет нәрселерді тасада қалдырмай қараудан, тепловоздың жұмысқа дайындығын зерделеуден басталады. Ол сапар алдында қателеспеуге тиіс. Жұмысымыз қызық, білген, өз жауапкершілігін сезінген адамға қиындығы жоқ. Бастапқы күндері түннің кез-келген уақытында жұмысқа шақырғанына ұйқыдан қиналатынмын. Кейін оған да төселдім. Ол уақытта жүк пойызында жүрдім. Қазір №309, 313 жолаушылар пойызына шығамын. Арасында жүк пойызына да жіберіп тұрады. Негізінен Ақтөбе, Атырау, Астана, Алматы бағыттарындағы жолаушыларды тасымалдаймыз. Жүк және жолаушылар пойызында алып жүретін кейбір құралдарда сан жағынан ерекшеліктер бар. Біз соны шатастырмауымыз қажет. Сондай-ақ ол жүретін жолындағы белгілер мен қауіпті бұрылыстарды, жол жөнін жаттап алуы, қырағы болуы керек. Әрбір ескертпені машинистке хабарлап, қасындағы серігінің хал-жағдайын бағамдап отыру көмекшінің міндеті, – дейді Қанат Берназаров.
- Қанатпен екеуіміз Маңғыстау - Сайөтес аралығында жолаушылар пойызын тасыдық. Аттас болған соң ішкі ұқсастығы бола ма адамнығ екеуміз бірден тіл табысып, бір-бірімізді үнсіз түсінетінбіз, онымен жұмыс жасау оңай болды,-дейді аттасы әрі әріптесі туралы Маңғыстау локомотив депосының машинист нұсқаушысы Қанат Алдашов.
Қанат отбасындағы екінші теміржолшы. Немере ағасы Қайрат Бейнеу станциясында тепловоздардың жанар-жағармайын тексеретін теплотехник. Қанаттың бұл кәсіпті таңдауына түрткі болған да сол кісі. «Ағам үйге келіп, жұмыс формасын шешіп қойса, жасырын киіп көретінмін. Өзімді бір уақытқа теміржолшы кейпінде көру үшін қызық еді. Осындай қызығушылық осы мамандыққа деген құрметке ұласып, теміржолға жетеледі» дейді бұл туралы.
– Қанатпен екеуіміз Маңғыстау – Сайөтес аралығында жолаушылар пойызын тасыдық. Машинист үшін көмекшінің білікті әрі епті болғаны аса маңызды. Көмекшімнің бұл жағынан икемді екені қуантатын.
Машинистің денсаулық жағдайы аяқастынан күрт төмендей қалса, алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, қажет болса пойызды тоқтатуға тура келетін сәттер де болады. Сондықтан ол менің жұмысымды бақылап, екеуіміз жол ережесін қайталап, бір-бірімізге көмегіміз көп тиген. Онымен жұмыс жасау оңай болды, – дейді жұмыстасы, Маңғыстау локомотив депосының машинист нұсқаушысы Қанат Алдашов.
Қанаттың қарындастары Гүлмира мен Динара бүгінде бір-бір шаңырақтың түтінін түтеткен қазақтың келіндері. Інілері Саламат пен Бағдат та қазаққа куйеу бала. Бауырларына қарайласа жүріп, орда бұзар отызға жеткен жігіт ағасының өзі де енді қиялдаған аруына үйленіп, шаңырақ көтеру ниетінде.
Шахида Жұман, Маңғыстау.
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...