Жаңасемейше жаңару мен жаңғыру 

Новости
04.05.2017, 20:27
Дәстүрге айналған сенбілік Семейде де жалғасын табуда. Қыс бойы теміржолға жақын тұратын қала тұрғындары тастаған қоқыстан жол бойын тазалаған жаңасемейліктерге әріптестері көмекке келді. Оңтүстік өңірден қатынайтын пойыздар бірінші Жаңасемей станциясына келеді, ендеше пойыздағы жолаушылардың көзі бірден жол бойындағы бей-берекет шашылып жатқан қалың қоқысқа түсері қақ. Теміржолды бойлай шашылған неше түрлі қалдықтан адам шошырлық. Жерлестеріміздің мәдениетінің төмендігіне қынжылмасқа шараң жоқ. Әйтпесе, осы жолдың бойы да қаланың аумағына жататынын, жөңкіген пойызбен келіп-кетіп жатқан қонақтардың көзіне осы келеңсіздік түссе, жалпы қаламыз жайлы қонақтардың теріс пікірі қалыптасатынын ескермес пе?!.   Мұны теміржолшылар қауымы жақсы түсінеді. Сол себепті Семей вагон пайдалану депосы бастығының орынбасары Ерзат Хасенов бастаған вагоншылар  Жаңасемейдегі әріптестеріне  көмекке келді. Жаңасемейліктер де  құрал-саймандарын сайлап дайын отыр екен. Көмекке келген топ жетісімен дереу жол бойына аттанып қызу жұмысқа кірісіп кетті. Олар 2-3 км жолдың бойын қоқыстан тазартып, бірнеше көлікке тиеген қоқысты оны қала сыртына шығарды.  – Тазалық деген қазақ үшін бір киелі ұғым ғана емес, бұл ежелден қалыптасқан біздің өмір салтымыз, дәстүріміз. Сондықтан да, бүгінгі мынау жалпықалалық сенбілікке біршама теміржолшылар қатысып, шаруашылықтарын ретке келтіріп, жалпы қаланың тазалығына үлестерін қосты. Шаһарды әсемдеуге, осындай жақсы дәстүрге өзінің бір септігін тигізген вагоншыларға ризашылығымды білдіргім келеді, – дейді өз ұжымымен бірге тазалық жұмысына қатысып жүрген Семей вагон пайдалану депосының бастығы Асет Сүлейменов. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген сөзді әрқайсымыз жақсы білеміз. Оны айтпағанның өзінде, қаламыздың көркі ажарланып тұрғаны әркімге ерекше көңіл-күй сыйлайды. Семей – ұлы адамдар туған киелі мекен. Ендеше қала тұрғындары осыны терең түсініп, қаламыздың сол киелі атына лайықты болуы үшін қолдан келгенін жасап, жол бойын ластауды доғарса екен деген теміржолшылар тілегін жеткізе кеткенді де жөн көрдік. Теміржолшылар қауымының мақсаты – бір күндік сенбілік өткізіп, тазалық жүргізумен шектелмейді. Дәл осындай қоғамдық жұмыстар әлі де жалғасын таба береді.

Ерлан Ғазез, Семей

Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова
Новости
14.09.2026
Около 600 сотрудников ГП прошли обучение вайб-кодингу и работе с ИИ
Регионы
14.09.2026
Осенний комиссионный осмотр готовятся провести в ВКО
Новости
13.09.2026
Пожарные поезда КТЖ оказали помощь в тушении природных пожаров в двух регионах
Новости
12.09.2026
Пожарный поезд КТЖ привлекли для тушения степного пожара в СКО
Новости
11.09.2026
Заседание Совета ветеранов прошло в КТЖ
Новости
11.09.2026
Железнодорожники охватили акцией «Безопасный переезд» 127 переездов
Регионы
11.09.2026
Погрузка превысила 6,7 млн тонн за восемь месяцев в Акмолинском регионе
Регионы
11.09.2026
Условную аварию с утечкой серной кислоты ликвидировали на станции Караганда-Сортировочная
Регионы
11.09.2026
Железнодорожники провели профилактическую беседу со студентами Алматинского колледжа академии логистики и транспорта
Новости
11.09.2026
Мангистауское эксплуатационное вагонное депо признано «Үздік вагон депосы»
Новости
11.09.2026
Около 300 компаний примут участие в TransLogistica Kazakhstan 2026
Новости / Архив
11.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №72 от 11 сентября 2026 года
Новости
10.09.2026
КТЖ готовит железнодорожную инфраструктуру к работе в зимних условиях
Регионы
10.09.2026
Около 260 детей перевезены к местам летнего отдыха из Павлодарской области
КТЖ в лицах
10.09.2026
Более 350 лет верности: история железнодорожной династии Беркеновых
10.09.2026
КТЖ изменит тариф на передачу электрической энергии
Новости
10.09.2026
Локомотивный парк КТЖ пополнился 159 новыми локомотивами
Регионы
10.09.2026
Почти 3 км скотоизгороди установили в Костанайском регионе