Жаңасемейше жаңару мен жаңғыру
Жаңалықтар
04.05.2017, 20:27
Дәстүрге айналған сенбілік Семейде де жалғасын табуда. Қыс бойы теміржолға жақын тұратын қала тұрғындары тастаған қоқыстан жол бойын тазалаған жаңасемейліктерге әріптестері көмекке келді.
Оңтүстік өңірден қатынайтын пойыздар бірінші Жаңасемей станциясына келеді, ендеше пойыздағы жолаушылардың көзі бірден жол бойындағы бей-берекет шашылып жатқан қалың қоқысқа түсері қақ. Теміржолды бойлай шашылған неше түрлі қалдықтан адам шошырлық. Жерлестеріміздің мәдениетінің төмендігіне қынжылмасқа шараң жоқ. Әйтпесе, осы жолдың бойы да қаланың аумағына жататынын, жөңкіген пойызбен келіп-кетіп жатқан қонақтардың көзіне осы келеңсіздік түссе, жалпы қаламыз жайлы қонақтардың теріс пікірі қалыптасатынын ескермес пе?!.
Мұны теміржолшылар қауымы жақсы түсінеді. Сол себепті Семей вагон пайдалану депосы бастығының орынбасары Ерзат Хасенов бастаған вагоншылар Жаңасемейдегі әріптестеріне көмекке келді. Жаңасемейліктер де
құрал-саймандарын сайлап дайын отыр екен. Көмекке келген топ жетісімен дереу жол бойына аттанып қызу жұмысқа кірісіп кетті. Олар 2-3 км жолдың бойын қоқыстан тазартып, бірнеше көлікке тиеген қоқысты оны қала сыртына шығарды.
– Тазалық деген қазақ үшін бір киелі ұғым ғана емес, бұл ежелден қалыптасқан біздің өмір салтымыз, дәстүріміз. Сондықтан да, бүгінгі мынау жалпықалалық сенбілікке біршама теміржолшылар қатысып, шаруашылықтарын ретке келтіріп, жалпы қаланың тазалығына үлестерін қосты. Шаһарды әсемдеуге, осындай жақсы дәстүрге өзінің бір септігін тигізген вагоншыларға ризашылығымды білдіргім келеді, – дейді өз ұжымымен бірге тазалық жұмысына қатысып жүрген Семей вагон пайдалану депосының бастығы Асет Сүлейменов.
«Тазалық – денсаулық кепілі» деген сөзді әрқайсымыз жақсы білеміз. Оны айтпағанның өзінде, қаламыздың көркі ажарланып тұрғаны әркімге ерекше көңіл-күй сыйлайды. Семей – ұлы адамдар туған киелі мекен. Ендеше қала тұрғындары осыны терең түсініп, қаламыздың сол киелі атына лайықты болуы үшін қолдан келгенін жасап, жол бойын ластауды доғарса екен деген теміржолшылар тілегін жеткізе кеткенді де жөн көрдік. Теміржолшылар қауымының мақсаты – бір күндік сенбілік өткізіп, тазалық жүргізумен шектелмейді. Дәл осындай қоғамдық жұмыстар әлі де жалғасын таба береді.
Ерлан Ғазез, Семей
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...