Қытайлық инвесторлар Құрғақ портты дамытпақ

Новости
16.05.2017, 10:17
Бейжіңде өткен «Бір белдеу – бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумына қатысқан  Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге айтулы шараға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев қатысып, бірқатар келісімге қол жеткізді. Атап айтқанда, «Бір белдеу – бір жол» халықаралық серіктестік форумы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ COSCO Shipping, Ляньюньган портымен бірлесіп «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА дамыту инвестициялық келісіміне қол қойды. Қытайлық инвесторлар  «KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС Құрғақ портының 49 пайыздық үлесін сатып алуды жүзеге асырады. Стратегиялық инвесторлар тарту Азия мен Еуропаның арасындағы жүк ағынын арттыруға, еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту мен транзиттік тасымалда жоғары көрсеткіштерге жету, жүктерді сақтау мен тасымалдауға, оның ішінде Құрғақ порты аумағының әлеуетін дамытуға бағытталады.    «Қорғас-Шығыс қапасы» АЭА COSCO Shipping компаниясының қызметін пайдалана отырып, ғаламдық логистикалық қызмет көрсету деңгейіне көтеріліп, қазақстандық транзиттік бағдарларын  халықаралық логистикалық желі тізбегіне қосылатындай етеді. Қол қойылған келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көліктік-логистикалық саланы дамытуға, қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасы мен қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығын үйлестіре дамытуға ықпал етеді. Салтанатты қол қою шарасына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов, Ляньюньган қаласының мэрі Сян Сяолун  қатысты.   Айта кетерлігі COSCO Shipping логистикалық қызмет көрсететін  әлемдік ірі теңіз операторы. Корпорация құрамында 1100 теңіз кемесі 1,6 млн контейнерге қызмет көрсетеді. 300-ден астам халықаралық және ішкі теңіз бағдарларына шығады. Әлемнің 79 мемлекетіндегі  254 портпен қатынас жасайды. Ляньюньган порты Қытайдың Сары теңіздегі ірі теңіз айлағы, әлемнің 30 ірі порты қатарына кіреді. Жылына 200 миллион тоннадан астам жүкті 5 миллион контейнермен жеткізе алатын әлеуеті бар.

Ескендір Абытхан

КТЖ в лицах
24.08.2026
Главу АО «Теміржолсу» Түсіпбек Қойшығұл проводили на пенсию
Новости
24.08.2026
КТЖ расширяет применение Trip Optimizer и Kinetix
Регионы
24.08.2026
Транспортная прокуратура и полиция провели профилактическую встречу с павлодарскими железнодорожниками
Грузовые перевозки
24.08.2026
Объем грузовых перевозок за 7 месяцев достиг 184,4 млн тонн
Новости
24.08.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» – «Ақмола» победило в конкурсе «Үздік теміржол ұжымы»
Регионы
24.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели профилактическую акцию в детском спортивном клубе
Регионы
23.08.2026
Ж/д вокзал Актобе открылся после реконструкции
Регионы
23.08.2026
Реконструкция вокзала Тобол завершена в Костанайской области
Регионы
21.08.2026
Будущие водители увидели железную дорогу из кабины локомотива на станции Арыс
Пассажирские перевозки
21.08.2026
Пассажирский поезд «Нурлы жол – Аркалык» продолжит курсировать до конца года
Новости
21.08.2026
Рука помощи: ребенок из семьи железнодорожников нуждается в курсе платной реабилитации
Инфраструктура
21.08.2026
Очередной этап модернизации завершен на железнодорожном участке Кандыагаш – Тобол
Регионы
21.08.2026
Вокзалы Акмолинской области меняют облик
Инфраструктура
21.08.2026
Двухпутное движение запущено на перегоне Жетыген – Курозек
Новости
21.08.2026
Казахстанско-китайское взаимодействие в транспортно-логистической сфере обсудили в Kazlogistics
Новости / Архив
21.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №66 от 21 августа 2026 года
Новости
20.08.2026
Новую цифровую платформу управления станциями внедряет КТЖ
Инфраструктура
20.08.2026
Железнодорожный путь оздоравливают на перегоне Акшолак–Ушбулак
Новости
20.08.2026
Инженерно-геодезическую практику проходят студенты ALT University в КТЖ
КТЖ в лицах
20.08.2026
Ответственность, команда и развитие: три слагаемых успеха в работе Аиды Иманбаевой