Қытайлық инвесторлар Құрғақ портты дамытпақ
Жаңалықтар
16.05.2017, 10:17
Бейжіңде өткен «Бір белдеу – бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумына қатысқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге айтулы шараға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев қатысып, бірқатар келісімге қол жеткізді.
Атап айтқанда, «Бір белдеу – бір жол» халықаралық серіктестік форумы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ COSCO Shipping, Ляньюньган портымен бірлесіп «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА дамыту инвестициялық келісіміне қол қойды. Қытайлық инвесторлар «KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС Құрғақ портының 49 пайыздық үлесін сатып алуды жүзеге асырады.
Стратегиялық инвесторлар тарту Азия мен Еуропаның арасындағы жүк ағынын арттыруға, еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту мен транзиттік тасымалда жоғары көрсеткіштерге жету, жүктерді сақтау мен тасымалдауға, оның ішінде Құрғақ порты аумағының әлеуетін дамытуға бағытталады.
«Қорғас-Шығыс қапасы» АЭА COSCO Shipping компаниясының қызметін пайдалана отырып, ғаламдық логистикалық қызмет көрсету деңгейіне көтеріліп, қазақстандық транзиттік бағдарларын халықаралық логистикалық желі тізбегіне қосылатындай етеді.
Қол қойылған келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көліктік-логистикалық саланы дамытуға, қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасы мен қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығын үйлестіре дамытуға ықпал етеді.
Салтанатты қол қою шарасына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов, Ляньюньган қаласының мэрі Сян Сяолун қатысты.
Айта кетерлігі COSCO Shipping логистикалық қызмет көрсететін әлемдік ірі теңіз операторы. Корпорация құрамында 1100 теңіз кемесі 1,6 млн контейнерге қызмет көрсетеді. 300-ден астам халықаралық және ішкі теңіз бағдарларына шығады. Әлемнің 79 мемлекетіндегі 254 портпен қатынас жасайды.
Ляньюньган порты Қытайдың Сары теңіздегі ірі теңіз айлағы, әлемнің 30 ірі порты қатарына кіреді. Жылына 200 миллион тоннадан астам жүкті 5 миллион контейнермен жеткізе алатын әлеуеті бар.
Ескендір Абытхан
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді