Бүгінде қаржылық дағдарысқа байланысты жұмыстан босаған  өндірістегі теміржолшыларды ұлттық компания басшылығы мен «ӘТЖК» АҚ басшылығы келісе отырып, күзет саласына орналастыруда. ­ – Алматыдағы «Вагон-сервис» АҚ слесарь болып жұмыс істеген  Шымкенттің жігіті жұмыстан қысқарған екен, оны қарумен жұмыс істеудің тәсілін үйрететін қайта даярлықтан өткізіп, Түркістандағы атқыштар командасына жұмысқа алдық. Бүгінде осындай келісіммен үш теміржолшы күзет саласына орналастырылды,– дейді «ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалының кадр бөлімінің бастығы Гүлмира Жұмабекқызы.

Бекәли АЛТЫН