Ескендір Абытхан
Арнайы курстан өтті
1 мин чтения
Астана, Көкшетау, Курорт Бурабай, Қарағанды, Алматы-1, Алматы-2 теміржол вокзалдарының 200-ден астам қызметкері «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмеге әзірлік барысында арнайы курстарда білімдерін шыңдады.
Жыл басынан бері вокзал бастықтары, олардың орынбасарлары, вокзал бастықтары кезекшілерінің көмекшілері, анықтама кезекшілері, дикторлар, перрон кезекшілері – ағылшын тілін меңгеру, әдептілік, қызмет көрсету мәдениеті секілді дәрістерден өткізілді.
«Вокзал – қаланың бас қақпасы. Сондықтан да қонақтардың Қазақстанмен танысуы сол мекемеден басталады. Соған орай жолаушыларды вокзалда күтіп алу-шығарып салудың маңызы зор. Еліміздің бас қаласында өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ зор әзірлікпен кірісуде. Біз қызметкерлерімізді ерекше дайындап жатырмыз. Вокзалдардың барлық қызметкерлері тақырыптық сабақтардан өткізіліп, арнайы нұсқамалықтарды меңгеруде», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығын дамыту мен пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығы департаментінің менеджері Ғ.Бекмағамбетовтің айтуынша, Республиканың барлық вокзалдарында ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Оның ішінде тақырыптық баннерлер, арнайы бейнероликтер жасалуда.