Арнайы курстан өтті

Жаңалықтар
16.05.2017, 11:04
Астана, Көкшетау, Курорт Бурабай, Қарағанды, Алматы-1, Алматы-2 теміржол вокзалдарының 200-ден астам қызметкері «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмеге әзірлік барысында арнайы курстарда білімдерін шыңдады. Жыл басынан бері вокзал бастықтары, олардың орынбасарлары, вокзал бастықтары кезекшілерінің көмекшілері, анықтама кезекшілері, дикторлар, перрон кезекшілері – ағылшын  тілін меңгеру, әдептілік, қызмет көрсету мәдениеті секілді дәрістерден өткізілді.  «Вокзал – қаланың бас қақпасы. Сондықтан да қонақтардың Қазақстанмен танысуы сол мекемеден басталады. Соған орай жолаушыларды вокзалда күтіп алу-шығарып салудың  маңызы зор.  Еліміздің бас қаласында өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ зор әзірлікпен кірісуде. Біз қызметкерлерімізді ерекше дайындап жатырмыз. Вокзалдардың барлық қызметкерлері тақырыптық сабақтардан өткізіліп, арнайы нұсқамалықтарды меңгеруде», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығын дамыту мен пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вокзал шаруашылығы департаментінің менеджері Ғ.Бекмағамбетовтің айтуынша, Республиканың барлық вокзалдарында ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Оның ішінде тақырыптық баннерлер, арнайы бейнероликтер жасалуда.

Ескендір Абытхан

Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда