Төрт айдың есебі
Новости
25.05.2017, 21:27
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев бөлімшеге қарасты теміржол мекемелері басшыларын жиып жыл басынан бергі төрт ай бойынша атқарылған жұмыстардың жайын саралап, жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы жайлы келелі жиын өткізді.
Жаңақорған мен Қоскөл телімдері арасына қызмет жасайтын жол, вагон, белгі беру және байланыс, локомотив, әскерилендірілген күзет және вокзал шаруашылығы секілді салалық қызметтер жұмысы талқыға салынып, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы сараланған жиынға Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев, Желілік ішкі істер бөлімі басшысы Болат Жұмаділда мен Көліктік бақылау комитетінің өкілі Темір Құмарбаев арнайы шақырылыпты.
–Жалпы бөлімше бойынша 53 теміржол өткелінің 32-де арнайы күзет қойылып бақылауға алынған. 21 өткелде күзет жоқ. Әр айда кемі екі мәрте жергілікті тұрғындармен рейд өткізілуде. Осы уақытқа дейін «Жол бойында мал жаю» ережелерімен 7379 тұрғын, теміржолды белгіленген орындардан кесіп өту ережелерімен оқу орындарының 10547 оқушылары мен студенттері таныстырылды, теміржол өткелінен өту ережесімен 5868 көлік жүргізуші құлағдар болып, профилактикалық түсіндіру, ескерту жұмыстары атқарылды. Алайда осы жұмыстардың тұрақты жүргізілуіне қарамастан қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына төнген қауіп азаяр емес, – дейді дөңгелек стол барысында талқыланған мәселелер жайлы түсінік берген Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов.
Ағымдағы жылдың төрт айында бөлімше бойынша телімдерде бөгде адамдардың жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі және жол бойында ұрлық жасауға әрекеттенуі, қараусыз малдың рельс үстіне шығып кетуі сынды келеңсіздіктер локомотив бригадаларын 57 мәрте жедел тежегіш қолдануға мәжбүр еткен. Өткен жылдың сәйкес мезгілінде бұл көрсеткіш 42 рет орын алған болса, биыл бұл 15 рет артық тіркеліп отыр. Биылғы жылғы жедел тежегіш басу жағдайлары Ірілендірілген Қазалы жол дистанциясында 8 рет, Сексеуіл дистанциясында 25 рет ал Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясы телімдерінде 24 мәрте тіркеліпті. Сонымен қатар қоғам мүлкіне қол сұғу, байланыс кабельдерін қолды ету, жолдың жоғары қабаты материалдарын ұрлау фактілері де екі мәрте тіреліпті.
Дөңгелек стол барысында бөлімше бойынша өткен төрт айдың ішіндегі қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мәселелері қорытындысымен қатар алдағы күндерде атқарылатын мәселелер де талқыланды. Иесіз малдың иелерімен жұмысты күшейту, рейдтер ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстары жалғасын таба бермек. Ұрлық-қарлық жайлы ЖІІБб-мен бірлесіп жұмыстар атқарылсын. Дегенмен осы жұмыстардың нәтижесін жетілдіру жайы талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды.
Жиын барысында телім басшылары мен салалық мамандар телім бойында қозғалыс қаупсіздігінің сақталуы жайлы өз ойларын ортаға салып, ортақ мәселеге қатысты пікір білдірді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ,Қызылорда
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова