Төрт айдың есебі

Жаңалықтар
25.05.2017, 21:27
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев бөлімшеге қарасты теміржол мекемелері басшыларын жиып жыл басынан бергі төрт ай бойынша атқарылған жұмыстардың жайын саралап, жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы жайлы келелі жиын өткізді. Жаңақорған мен Қоскөл телімдері арасына қызмет жасайтын жол, вагон, белгі беру және байланыс, локомотив, әскерилендірілген күзет және вокзал шаруашылығы секілді салалық қызметтер жұмысы талқыға салынып, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы сараланған жиынға Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев, Желілік ішкі істер бөлімі басшысы Болат Жұмаділда мен Көліктік бақылау комитетінің өкілі Темір Құмарбаев арнайы шақырылыпты. –Жалпы бөлімше бойынша 53 теміржол өткелінің 32-де арнайы күзет қойылып бақылауға алынған. 21 өткелде күзет жоқ. Әр айда кемі екі мәрте жергілікті тұрғындармен рейд өткізілуде. Осы уақытқа дейін «Жол бойында мал жаю» ережелерімен 7379 тұрғын, теміржолды белгіленген орындардан кесіп өту ережелерімен оқу орындарының 10547 оқушылары мен студенттері таныстырылды, теміржол өткелінен өту ережесімен 5868 көлік жүргізуші құлағдар болып, профилактикалық түсіндіру, ескерту жұмыстары атқарылды. Алайда осы жұмыстардың тұрақты жүргізілуіне қарамастан қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына төнген қауіп азаяр емес, – дейді дөңгелек стол барысында талқыланған мәселелер жайлы түсінік берген Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов. Ағымдағы жылдың төрт айында бөлімше бойынша телімдерде бөгде адамдардың  жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі және жол бойында ұрлық жасауға әрекеттенуі, қараусыз малдың рельс үстіне шығып кетуі сынды келеңсіздіктер локомотив бригадаларын 57 мәрте жедел тежегіш қолдануға  мәжбүр еткен. Өткен жылдың сәйкес мезгілінде бұл көрсеткіш 42 рет орын алған болса, биыл бұл 15 рет артық тіркеліп отыр.  Биылғы жылғы жедел тежегіш басу жағдайлары Ірілендірілген Қазалы жол дистанциясында 8 рет, Сексеуіл дистанциясында 25 рет ал Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясы телімдерінде 24 мәрте тіркеліпті. Сонымен қатар қоғам мүлкіне қол сұғу, байланыс кабельдерін қолды ету, жолдың жоғары қабаты материалдарын ұрлау фактілері де екі мәрте тіреліпті. Дөңгелек стол барысында бөлімше бойынша өткен төрт айдың ішіндегі қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мәселелері қорытындысымен қатар  алдағы күндерде атқарылатын мәселелер де талқыланды. Иесіз малдың иелерімен жұмысты күшейту, рейдтер ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстары жалғасын таба бермек. Ұрлық-қарлық  жайлы ЖІІБб-мен бірлесіп жұмыстар атқарылсын. Дегенмен осы жұмыстардың нәтижесін жетілдіру жайы талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды. Жиын барысында телім басшылары мен салалық мамандар телім бойында қозғалыс қаупсіздігінің сақталуы жайлы өз ойларын ортаға салып, ортақ мәселеге қатысты пікір білдірді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ,Қызылорда

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты