«Нұрлы жол» вокзал кешені – ел игілігінде
Новости
02.06.2017, 08:24
31 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың жаңа теміржол вокзалы кешенін ашты. «Нұрлы жол» деген мәртебелі атауға ие болған заманауи инфрақұрылым нысанының тұсаукесер шарасына теміржол ардагерлері мен ұлттық компанияның барлық деңгейдегі басшылары және сала қызметкерлері қатысты.
Тоғыз жолдың торабы, келімді-кетімді қонақтары көп ел астанасының ескі вокзалы соңғы жылдары жолаушылар нөпірі әлденеше ретке артуына орай өткізгіштік қабілеті төмендеп, тарлық ете бастаған. Яғни, вокзалдың өткізу қабілеті 12 мың адам болса, қазіргі таңда ол тәулігіне Елордаға келіп-кетіп жатқан 27 мың адамға қызмет етуге мәжбүр. Оның үстіне биылғы ЭКСПО-2017 көрмесіне орай өзге өңірлер мен шетелдерден Астанаға ағылатын қонақтар қатары тағы да арта түсетіні ескеріліп, Елбасы тапсырмасымен «Астана теміржол желісін вокзал кешені құрылысын қоса алғанда дамыту» жобасы жүзеге асырылып отыр. Еліміздің барлық өңірін қысқа жолмен байланыстыратын Астана теміржол станциясының арқасында жолаушылар мен жүк тасымалдаудың ірі көліктік-логистикалық хабы құрылды. Кешен құрылысын «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2012 жылдың 11 сәуірінен бастап жүргізе бастаған болатын.
–ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты елордамыздың мақтанышына айналатын жаңа нысандарды аралап келемін. Соның ішінде дәл осы вокзал кешені бұрынғы посткеңестік мемлекеттер кеңістігі бойынша ең ерекшесі болып отыр. Мен тіпті Еуропада да мұндай вокзалды көрген емеспін. Ол болашақтың игілігі үшін салынды. Біз еліміздің барлық өңірлерін сағатына 150-200 км жылдамдықпен жүретін «Тальго» жүрдек пойыздарымен байланыстыратын боламыз. Мәселен, бұған дейін Астанадан Алматыға 24 сағатта жеткен болсақ, ендігі жерде оған небәрі 11 сағат қана кетеді, – деді Елбасы өз сөзінде.
«Нұрлы жол» вокзалының барлық мүмкіндіктерін Мемлекет басшысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев таныстырды. Вокзал кешені алты деңгейлі, жалпы аумағы 126 мың шаршы метр. Оған 6 қабылдап-жөнелту жолы кіреді. Жолаушылардың ғимаратқа кіріп-шығуы үшінші қабат деңгейінде жүргізіледі. Жаңа нысанның тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізу қабілеті бар. Кешен жолаушылар ағыны мен кезегін, қауіпсіздігі мен электронды билет сату үдерісін интеллектуалды басқару желісімен қамтылған. Жоба құрылысын жүзеге асыру барысында 2 мың жұмыс орны ашылып, пайдалануға берілген соң 1,8 мың адам жұмысқа қабылданған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Игілікұлының айтуынша, жаңа вокзалдың ашылуымен Астана қаласының оңтүстік қанатының автокөлік кептелісі азаяды. Себебі оны салу кезінде құрылысы жүріп жатқан 10 көшемен қиылысатын ұзындығы 2,5 км кіреберіс эстакадасын салу елорданың жер аумағын үнемдеп, дөңес автокөліктік жол өтпелерін салу қажеттілігін жойды. Сөйтіп пойыздар мен автокөліктер жолдары әр түрлі жазықтық деңгейде жатқандығының арқасында бір-біріне еш кедергі келтірмейді, бұл апатты жағдайлардың болу қаупін туғызбайды. Тәулігіне 27 жұп пойыз келіп-кететін болса, оның 11-і «Тұлпар Тальго», 8-қала маңына қатынайтын, 8-бұрынғы пойыздар. Төрағаның мәлімдеуінше, бұл вокзалдың тағы бір ерекшелігі жаңбыр жауған кезде оны жинап, вокзал ғимаратын жууға, көгалдарды суландыруға пайдалану әдісі жасалған. Сонымен бірге қыста іштегі жылуды сыртқа шығармайтын, жазда ішін салқындатып, сырттан қызу кіргізбейтін жүйе жұмыс істейді.
Ғимаратта ең озық әлемдік стандарттарға сай келетін күту залдары, қонақ үй бөлмелері, VIP және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған зал бар. Ыңғайлы сақтау камералары, бала мен ана бөлмесі, медициналық кабинет, мейрамханамен жабдықталған. Екі деңгейлі вокзал паркингіне бір мезгілде 740 көлік сыяды, ал вокзал маңы автотұрағы 714 көлік орынға есептелген. Сондай-ақ, адам денесіне жанасу арқылы сезімталдығы бар аяқ жол мен Брайля әліппесі қолданылатын ақпараттық табло, арнайы кассалар, санитарлық тораптар қарастырылған.
1 маусым күні 10 сағат 03 минутта «Нұрлы жол» вокзалына алғашқы пойыз ат басын тіреді. №853/854 «Астана-Қарағанды» электропойызының жолаушылары су жаңа вокзалдан түскендеріне таңдана да таңырқай қарап түсіп жатты...
Райхан РАХМЕТОВА
Суретті түсірген Сергей ВОЛОШИН
Спорт
20.04.2026
Турнир по асык-ату среди железнодорожники прошел в Уральске
Регионы
20.04.2026
Субботники в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» прошли в Карагандинской области
Спорт
20.04.2026
Столичные железнодорожники отметили Всемирный день здоровья
Регионы
20.04.2026
Костанайское отделение магистральной сети определило задачи по развитию вокзального хозяйства
Социум
18.04.2026
Социальная поддержка: стартует программа доступного жилья для железнодорожников
Новости
17.04.2026
Весенний комиссионный осмотр стартовал в Акмолинском регионе
Регионы
17.04.2026
Безопасность движения на железной дороге обсудили в Уральске
Регионы
17.04.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо подвело итоги первого квартала
Грузовые перевозки
17.04.2026
Казахстан увеличил объем грузоперевозок до 240 млн тонн
Пассажирские перевозки
17.04.2026
В АО «Пассажирские перевозки» рассказали журналистам о подготовке поездов к летнему сезону
Новости / Архив
17.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №29 от 17 апреля 2026 года
Новости
16.04.2026
Транспортная полиция пресекла 25 тысяч административных правонарушений
Инфраструктура
16.04.2026
Об инновациях в стрелочных переводах рассказали в Минпромстрое
В мире
16.04.2026
Более 53 тысяч поездов прошли через Алашанькоу за 15 лет
Регионы
16.04.2026
Железнодорожники и спасатели обсудили подготовку к пожароопасному сезону
КТЖ в лицах
16.04.2026
Непрерывное обучение, 20-летний опыт и карьерный рост: история ведущего инженера Даны Жакишевой
Грузовые перевозки
16.04.2026
Объем железнодорожных перевозок между Казахстаном и Китаем вырос на 9,3%
Регионы
16.04.2026
Месячник «Человек на пути» стартовал в Оскеменском эксплуатационном локомотивном депо
Новости
16.04.2026
Семинар по мобилографии для молодых железнодорожников прошел в Астане
Регионы
15.04.2026
Пожарно-тактические учения прошли на станции Костанай