«Нұрлы жол» вокзал кешені – ел игілігінде 

Жаңалықтар
02.06.2017, 08:24
31 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың жаңа теміржол вокзалы кешенін ашты. «Нұрлы жол» деген мәртебелі атауға ие болған заманауи инфрақұрылым нысанының тұсаукесер шарасына теміржол ардагерлері мен ұлттық компанияның барлық деңгейдегі басшылары және сала қызметкерлері қатысты.    Тоғыз жолдың торабы, келімді-кетімді қонақтары көп ел астанасының ескі вокзалы соңғы жылдары жолаушылар нөпірі әлденеше ретке артуына орай өткізгіштік қабілеті төмендеп, тарлық ете бастаған. Яғни, вокзалдың өткізу қабілеті 12 мың адам болса, қазіргі таңда ол тәулігіне Елордаға келіп-кетіп жатқан  27 мың адамға қызмет етуге мәжбүр. Оның үстіне биылғы ЭКСПО-2017 көрмесіне орай өзге өңірлер мен шетелдерден Астанаға ағылатын қонақтар қатары тағы да арта түсетіні ескеріліп, Елбасы тапсырмасымен «Астана теміржол желісін вокзал кешені құрылысын қоса алғанда дамыту» жобасы жүзеге асырылып отыр. Еліміздің барлық өңірін қысқа жолмен байланыстыратын Астана теміржол станциясының арқасында жолаушылар мен жүк тасымалдаудың ірі көліктік-логистикалық хабы құрылды. Кешен құрылысын «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2012 жылдың 11 сәуірінен бастап жүргізе бастаған болатын. –ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты елордамыздың мақтанышына айналатын жаңа нысандарды аралап келемін. Соның ішінде дәл осы вокзал кешені бұрынғы посткеңестік мемлекеттер кеңістігі бойынша ең ерекшесі болып отыр. Мен тіпті Еуропада да мұндай вокзалды көрген емеспін. Ол болашақтың игілігі үшін салынды. Біз еліміздің барлық өңірлерін сағатына 150-200 км жылдамдықпен жүретін «Тальго» жүрдек пойыздарымен байланыстыратын боламыз. Мәселен, бұған дейін Астанадан Алматыға 24 сағатта жеткен болсақ, ендігі жерде оған небәрі 11 сағат қана кетеді, – деді Елбасы өз сөзінде. «Нұрлы жол» вокзалының барлық мүмкіндіктерін Мемлекет басшысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев таныстырды. Вокзал кешені алты деңгейлі, жалпы аумағы 126 мың шаршы метр. Оған 6 қабылдап-жөнелту жолы кіреді. Жолаушылардың ғимаратқа кіріп-шығуы үшінші қабат деңгейінде жүргізіледі. Жаңа нысанның тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізу қабілеті бар. Кешен жолаушылар ағыны мен кезегін, қауіпсіздігі мен электронды билет сату үдерісін интеллектуалды басқару желісімен қамтылған. Жоба құрылысын жүзеге асыру барысында 2 мың жұмыс орны ашылып, пайдалануға берілген соң 1,8 мың адам жұмысқа қабылданған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Игілікұлының айтуынша, жаңа вокзалдың ашылуымен Астана қаласының оңтүстік қанатының автокөлік кептелісі азаяды. Себебі оны салу кезінде құрылысы жүріп жатқан 10 көшемен қиылысатын ұзындығы 2,5 км кіреберіс эстакадасын салу елорданың жер аумағын үнемдеп, дөңес автокөліктік жол өтпелерін салу қажеттілігін жойды. Сөйтіп пойыздар мен автокөліктер жолдары әр түрлі жазықтық деңгейде жатқандығының арқасында бір-біріне еш кедергі келтірмейді, бұл апатты жағдайлардың болу қаупін туғызбайды. Тәулігіне 27 жұп пойыз келіп-кететін болса, оның 11-і «Тұлпар Тальго», 8-қала маңына қатынайтын,  8-бұрынғы пойыздар. Төрағаның мәлімдеуінше, бұл вокзалдың тағы бір ерекшелігі жаңбыр жауған кезде оны жинап, вокзал ғимаратын жууға, көгалдарды суландыруға пайдалану әдісі жасалған. Сонымен бірге қыста іштегі жылуды сыртқа шығармайтын, жазда ішін салқындатып, сырттан қызу кіргізбейтін жүйе жұмыс істейді.  Ғимаратта ең озық әлемдік стандарттарға сай келетін күту залдары, қонақ үй бөлмелері, VIP және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған зал бар. Ыңғайлы сақтау камералары, бала мен ана бөлмесі, медициналық кабинет, мейрамханамен  жабдықталған. Екі деңгейлі вокзал паркингіне бір мезгілде 740 көлік сыяды, ал вокзал маңы автотұрағы 714 көлік орынға есептелген. Сондай-ақ,  адам денесіне жанасу арқылы сезімталдығы бар аяқ жол мен Брайля әліппесі қолданылатын ақпараттық табло, арнайы кассалар, санитарлық тораптар қарастырылған.  1 маусым күні 10 сағат 03 минутта «Нұрлы жол» вокзалына алғашқы пойыз ат басын тіреді. №853/854 «Астана-Қарағанды» электропойызының жолаушылары су жаңа вокзалдан түскендеріне таңдана да таңырқай қарап түсіп жатты...

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген Сергей ВОЛОШИН

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты