Мал мен жанның әлегі

Новости
06.06.2017, 16:09
Қазақстан темір жолының өн бойында жағалай қоныстанған елдімекендер тіршілігі, әрине, малмен тығыз байланысты. Демек, теміржол сынды қауіпті аймақта мал мен жанның қауіпсіздігі ең өзекті мәселе. Шымкент жол дистанциясында жыл басынан бері алты адамды пойыз басу фактісі тіркеліп, оның төртеуі қазамен аяқталды. Соңғысы 22 мамырда Қорғасын – Черноводск телімінің 3280 шақырымында түнгі  екілер шамасында болған. 30-35 жасар ер кісіні пойыз қағып, оқиға орнында қаза табады. 20 сәуірде таңғы уақытта №11 Алматы – Шымкент «Тальго-Тұлпар» жүрдек пойызы Сергиевка – Манкент телімінің 3319 шақырымында жедел тежегішті басады. Локомотивтің алдынан 1991 жылы туылған қыз шығып қалған. Өзін пойыздың астына  тастамақ болған қыз жақындап келгенде пойыздың дауысынан шошып, отырып қалыпты. Бірақ, пойыздың қатты екпінінен ұшып жол шетіне құлап, жеңіл жарақат алады. Оқиға орнына айналым жол шебері Нұржан Әбдірайымов, аймақтағы ЖІІБ тәртіп сақшылары, медициналық жедел көлік қызметі келіп қызды дереу Ақсу аудандық ауруханасына апарады. Ауруханаға келген Шымкент жол дистанциясының бас инженері мен еңбек қорғау инженері қызбен сөйлесіп, түсінік жұмысын жүргізеді. Осынша адамды әуреге салған қыз жігітімен ренжісіп, оның кетіп қалғаны үшін өзін-өзі өлімге қимақ болыпты. Есін жиған соң, қателігін мойындап, кешірім сұраған көрінеді.  Жыл басында қаңтардың 17-күні жүйке аурулар диспансерінде тізімде тұратын 1990 жылғы Айдос Раманұлының да ажалы пойыз жолдан болған еді. Наурыздың алтысында Шымкент – Қызылсай телімінде №8902 жүк пойызының алдынан Олеся есімді 37 жасар қыз шыға келген. Машинистің айтуынша, түнгі бір шамасы болған, пойыз келе жатқанда тоқтап тұрған қыз жақындағанда өзін-өзі тастайды. Сөйтсе, ол да жүйке аурумен ауырады екен. Сырқатын анасы мен әпкесі растаған. Психбольницаға жатудан қорқып осындай өлімді таңдаған сыңайлы. Мамырдың 26-күні Қызылсай – Шымкент телімінің 3293 шақырымында 1971 жылы туылған Олег Павлович есімді азамат та өмірмен қоштасу үшін теміржолды таңдаған. Наурыздың 28 күні тағы осы Қызылсай – Шымкент аралығының 3296 шақырымында №1 Алматы – Ташкент пойызы таңғы уақытта қисық телімнен өте бере жедел тежегішті басады. Бұл жол Азат шағын ауданының ішімен өтеді. Ресейден туыстарына қонақ болып келген Фарух Закиров есімді жасөспірім құлаққаппен жолдың үстінде келе жатыр екен. Пойыз жақындағанда бала жол шетіне шығып үлгеремін дегенмен, 5-8 метр аралығына ұшып кетеді.   – Мектеп оқушыларымен, тұрғындармен кездескенде тек ережені айтумен, ескертумен шектелмей, естерінде қалатындай етіп, 20 минуттық бейнеролик дайындап жатырмыз, – дейді аталған дистанцияның еңбек қорғау инженері Ақберен Әбдірахманов.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова