Мал мен жанның әлегі
Жаңалықтар
06.06.2017, 16:09
Қазақстан темір жолының өн бойында жағалай қоныстанған елдімекендер тіршілігі, әрине, малмен тығыз байланысты. Демек, теміржол сынды қауіпті аймақта мал мен жанның қауіпсіздігі ең өзекті мәселе.
Шымкент жол дистанциясында жыл басынан бері алты адамды пойыз басу фактісі тіркеліп, оның төртеуі қазамен аяқталды. Соңғысы 22 мамырда Қорғасын – Черноводск телімінің 3280 шақырымында түнгі екілер шамасында болған. 30-35 жасар ер кісіні пойыз қағып, оқиға орнында қаза табады. 20 сәуірде таңғы уақытта №11 Алматы – Шымкент «Тальго-Тұлпар» жүрдек пойызы Сергиевка – Манкент телімінің 3319 шақырымында жедел тежегішті басады. Локомотивтің алдынан 1991 жылы туылған қыз шығып қалған. Өзін пойыздың астына тастамақ болған қыз жақындап келгенде пойыздың дауысынан шошып, отырып қалыпты. Бірақ, пойыздың қатты екпінінен ұшып жол шетіне құлап, жеңіл жарақат алады. Оқиға орнына айналым жол шебері Нұржан Әбдірайымов, аймақтағы ЖІІБ тәртіп сақшылары, медициналық жедел көлік қызметі келіп қызды дереу Ақсу аудандық ауруханасына апарады. Ауруханаға келген Шымкент жол дистанциясының бас инженері мен еңбек қорғау инженері қызбен сөйлесіп, түсінік жұмысын жүргізеді. Осынша адамды әуреге салған қыз жігітімен ренжісіп, оның кетіп қалғаны үшін өзін-өзі өлімге қимақ болыпты. Есін жиған соң, қателігін мойындап, кешірім сұраған көрінеді.
Жыл басында қаңтардың 17-күні жүйке аурулар диспансерінде тізімде тұратын 1990 жылғы Айдос Раманұлының да ажалы пойыз жолдан болған еді. Наурыздың алтысында Шымкент – Қызылсай телімінде №8902 жүк пойызының алдынан Олеся есімді 37 жасар қыз шыға келген. Машинистің айтуынша, түнгі бір шамасы болған, пойыз келе жатқанда тоқтап тұрған қыз жақындағанда өзін-өзі тастайды. Сөйтсе, ол да жүйке аурумен ауырады екен. Сырқатын анасы мен әпкесі растаған. Психбольницаға жатудан қорқып осындай өлімді таңдаған сыңайлы.
Мамырдың 26-күні Қызылсай – Шымкент телімінің 3293 шақырымында 1971 жылы туылған Олег Павлович есімді азамат та өмірмен қоштасу үшін теміржолды таңдаған. Наурыздың 28 күні тағы осы Қызылсай – Шымкент аралығының 3296 шақырымында №1 Алматы – Ташкент пойызы таңғы уақытта қисық телімнен өте бере жедел тежегішті басады. Бұл жол Азат шағын ауданының ішімен өтеді. Ресейден туыстарына қонақ болып келген Фарух Закиров есімді жасөспірім құлаққаппен жолдың үстінде келе жатыр екен. Пойыз жақындағанда бала жол шетіне шығып үлгеремін дегенмен, 5-8 метр аралығына ұшып кетеді.
– Мектеп оқушыларымен, тұрғындармен кездескенде тек ережені айтумен, ескертумен шектелмей, естерінде қалатындай етіп, 20 минуттық бейнеролик дайындап жатырмыз, – дейді аталған дистанцияның еңбек қорғау инженері Ақберен Әбдірахманов.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты