Қазақстан мен Қытай: Еуразияның транзиттік көпірі

Новости
09.06.2017, 09:44
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен «Қазақстан-Қытай – Еуразияның транзиттік көпірі»  атты телекөпір өтті. –ЭКСПО – энергетиканы дамытудың жаңа тәсілін ұсынуға тамаша платформа. Қытай – көрмеге өзінің қатысатынын растаған алғашқы елдің бірі. «Болашақ энергиясы – Жасыл Жібек жолы» тақырыбындағы Қытай экспозициясы көрмедегі ең ірі туындылар қатарында. Қытай халық республикасы жаңғыртылатын көздер саласында әлемдік көшбасшысы болып табылады. Сіздердің инвестиция құю бойынша жоспарларыңыз басқа елдерге қарағанда ең ауқымдысы. Бүгін екі маңызды басты жоба жүзеге асып отыр: оның бірі Ляньюньган портынан Қазақстан аумағы арқылы өтіп, Орталық Азия мен Түркияға бағытталған бірінші контейнерлік пойыздың жолға шығуы болса, екіншісі, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы Құрғақ порттан Қытайдың Чэнду қаласына контейнерлік пойыздың  жөнелтілуі. Бұл «Жібек жолы» экономикалық белдеуі мен «Нұрлы жол» экономикалық саясаты сынды   мемлекеттік бағдарламалардың тоғысуынан бастау алған біздің тиімді ынтымақтастығымыздың жарқын көрінісі. Біздің алдағы жоспарымыз, 2020 жылға дейін контейнерлік тасымал көрсеткішін 2 миллионға жеткізу. Бұл екі елдің экономикалық өсуіне, өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруына әкелмек. Сізге Астанадан жақсы әсер алуға, ал екі елдің теміржолшыларына мықты денсаулық, жемісті еңбек тілеймін», – деді  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында. Бұдан кейін сөз алған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, бұл жобалар Қазақстан мен Қытайға оң нәтиже әкелуге ғана емес, сондай-ақ, көліктік-логистикалық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай  жасап, жаңа мүмкіндіктер ашуға  бағытталып отырғанын атап өтті. –2013 жылы қыркүйекте Астанаға келгенімде, мен алғаш рет Жібек жолы экономикалық белдеуін салу туралы  бастама көтердім. Бұл бастамаға Қазақстан үлкен қолдау білдірді. Ал 2014 жылы біз Қазақстан Президентімен Ляньюньган портында қазақстан-қытай логистикалық орталығын іске қосу шарасына қатыстық. Бұл Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының негізін қалаған мерейлі  жобаның бірі болатын. «Нұрлы жолы» бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасының тоғысуы Еуразия көлік дәлізі тізбегін қамтамасыз етеді деп сенемін, – деді өз кезегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин. Бұдан кейін Мемлекет басшылары Ляньюньган қазақстан-қытай терминалынан және соған қарсы бағытта «Қорғас – Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық белдеуінің Құрғақ портынан еуразиялық кеңістікте қызмет көрсететін жаңа контейнерлік пойыздардың жолашарын жасады. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен Ляньюньган портында логистикалық инфрақұрылымдарды жаңғырту мен жүк ағындарының шоғырлануын ұйымдастыру –  Еуразиялық транзиттік көпірдің дамуына ықпал етері анық. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының бағдарламаларының тоғысып, ойларының бір жерден шыққандығын көрсетуде. Мемлекет басшыларының ынтымақтастығы арқасында Бағдарламаны жүзеге асырудың кезекті маңызды кезеңі «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасына қытайлық  инвесторлардың кіруі болып саналады. Атап өтерлігі, қытайлық инвестициялық COSCO Shipping компаниясы, Ляньюньган порты мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірлескен жобасының негізінде, COSCO Shipping компаниясы теңіз контейнерлерін трансқұрлықтық құрғақ жолмен тасымалдау мүмкіндігіне Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын пайдалану арқылы ие болып отыр.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова