Қазақстан мен Қытай: Еуразияның транзиттік көпірі
Жаңалықтар
09.06.2017, 09:44
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен «Қазақстан-Қытай – Еуразияның транзиттік көпірі» атты телекөпір өтті.
–ЭКСПО – энергетиканы дамытудың жаңа тәсілін ұсынуға тамаша платформа. Қытай – көрмеге өзінің қатысатынын растаған алғашқы елдің бірі. «Болашақ энергиясы – Жасыл Жібек жолы» тақырыбындағы Қытай экспозициясы көрмедегі ең ірі туындылар қатарында. Қытай халық республикасы жаңғыртылатын көздер саласында әлемдік көшбасшысы болып табылады. Сіздердің инвестиция құю бойынша жоспарларыңыз басқа елдерге қарағанда ең ауқымдысы. Бүгін екі маңызды басты жоба жүзеге асып отыр: оның бірі Ляньюньган портынан Қазақстан аумағы арқылы өтіп, Орталық Азия мен Түркияға бағытталған бірінші контейнерлік пойыздың жолға шығуы болса, екіншісі, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы Құрғақ порттан Қытайдың Чэнду қаласына контейнерлік пойыздың жөнелтілуі. Бұл «Жібек жолы» экономикалық белдеуі мен «Нұрлы жол» экономикалық саясаты сынды мемлекеттік бағдарламалардың тоғысуынан бастау алған біздің тиімді ынтымақтастығымыздың жарқын көрінісі. Біздің алдағы жоспарымыз, 2020 жылға дейін контейнерлік тасымал көрсеткішін 2 миллионға жеткізу. Бұл екі елдің экономикалық өсуіне, өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруына әкелмек. Сізге Астанадан жақсы әсер алуға, ал екі елдің теміржолшыларына мықты денсаулық, жемісті еңбек тілеймін», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында.
Бұдан кейін сөз алған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, бұл жобалар Қазақстан мен Қытайға оң нәтиже әкелуге ғана емес, сондай-ақ, көліктік-логистикалық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасап, жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталып отырғанын атап өтті.
–2013 жылы қыркүйекте Астанаға келгенімде, мен алғаш рет Жібек жолы экономикалық белдеуін салу туралы бастама көтердім. Бұл бастамаға Қазақстан үлкен қолдау білдірді. Ал 2014 жылы біз Қазақстан Президентімен Ляньюньган портында қазақстан-қытай логистикалық орталығын іске қосу шарасына қатыстық. Бұл Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының негізін қалаған мерейлі жобаның бірі болатын. «Нұрлы жолы» бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасының тоғысуы Еуразия көлік дәлізі тізбегін қамтамасыз етеді деп сенемін, – деді өз кезегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин.
Бұдан кейін Мемлекет басшылары Ляньюньган қазақстан-қытай терминалынан және соған қарсы бағытта «Қорғас – Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық белдеуінің Құрғақ портынан еуразиялық кеңістікте қызмет көрсететін жаңа контейнерлік пойыздардың жолашарын жасады. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен Ляньюньган портында логистикалық инфрақұрылымдарды жаңғырту мен жүк ағындарының шоғырлануын ұйымдастыру – Еуразиялық транзиттік көпірдің дамуына ықпал етері анық. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының бағдарламаларының тоғысып, ойларының бір жерден шыққандығын көрсетуде. Мемлекет басшыларының ынтымақтастығы арқасында Бағдарламаны жүзеге асырудың кезекті маңызды кезеңі «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жобасына қытайлық инвесторлардың кіруі болып саналады. Атап өтерлігі, қытайлық инвестициялық COSCO Shipping компаниясы, Ляньюньган порты мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірлескен жобасының негізінде, COSCO Shipping компаниясы теңіз контейнерлерін трансқұрлықтық құрғақ жолмен тасымалдау мүмкіндігіне Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын пайдалану арқылы ие болып отыр.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды