Тарлан теміржолшы - 80 жаста

Новости
09.06.2017, 11:59
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Құрметті теміржолшысы,  Әнуар Төлегенов мамыр айында сексен жасқа толып отыр. Осынау сексен көктемінің жартысынан астамын аймақ теміржолының өркендеуіне сарп еткен қарт  теміржолшы әлі де тың да қуатты.  Қарт теміржолшыны торқалы тойымен құттықтап Қызылорда локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары Ізбасқан Сүйінов пен аймақтық теміржолшы ардагерлер ұйымы төрағасы Қазбек Рахметов және бөлімше кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұқтар Өмірзақұлы бастаған әріптестері келіп,  бөлімше басшылығының құттықтауын жеткізіп, бағалы сыйлығын тарту етті.    Сырдың жоғары бастауындағы Өзгент ауылында дүниеге келген Әнуар Төлегенов алғашқы жұмысын жылдамдық таспасын алушы болып бастап, онан кейін слесарь, тепловоз машинисінің көмекшісі, профилактикалық жөндеу шеберінің көмекшісі, цех шебері, 1967 жылы депо бастығының жөндеу жұмыстары жөнінде орынбасары жұмыстарын атқарады. 1970-1977 жылдар аралығында Гурьев, Ақтөбе бөлімшелерінде локомотив  деполарында басшылық қызмет жасап,  Қызылорда бөлімшесіне ауысады.  1998 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін локомотив депосын, бөлімшенің локомотив  бөлімін басқарады.   -1987-1994 жылдары  аралығында бөлімше телімдерінен тәулігіне 40-тан аса жүк құрамалары, 15-18 жұп жолаушылар пойыздары өткізілетін болған.   Менің алғаш қолға алған шаруам - қосымша бригадалар ұйымдастыру болды. Әрбір ауысымға, цехтарға тәжірибелі инженерлер мен технологтар бекітіліп, еңбек тәртібін бақылау күшейтілді. Алғаш болып «үлгілі цех» атағын жеңіп алу үшін конкурс ұйымдастырылды.  Бумен жылытылып келген депоны сумен жылытуды ойластырып, екі бірдей жаңа қазандық орнаттық. Сол кездегі «Тұрғын үй-91» бағдарламасына орай өз күшімізбен 18 пәтерлі екі үй салып теміржолшылардың пайдалануына бердік. Осының бәрі атағымызды шығару үшін емес, кейінгі ұрпақтың қажетіне жарамды бір сауапты іс атқарайық деген ниетпен атқарылды,- деп өткенді еске алады ардагер. Әнуар Төлегеновты жергілікті халық  қалалық кеңеске депутат етіп сайлайды. Сол жылдары да депутаттық мандатын пайдаланып теміржол бойындағы халықтың талай проблемасын шешуге мұрындық болғанын бүгінде ел біледі. Екі мәрте «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тарлан теміржолшы бүгінде сексеннің сеңгіріне толып, ел-жұртына сыйлы абыз ақсақал атанып отыр.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

 
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова