Тарлан теміржолшы - 80 жаста
Жаңалықтар
09.06.2017, 11:59
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің Құрметті теміржолшысы, Әнуар Төлегенов мамыр айында сексен жасқа толып отыр. Осынау сексен көктемінің жартысынан астамын аймақ теміржолының өркендеуіне сарп еткен қарт теміржолшы әлі де тың да қуатты.
Қарт теміржолшыны торқалы тойымен құттықтап Қызылорда локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары Ізбасқан Сүйінов пен аймақтық теміржолшы ардагерлер ұйымы төрағасы Қазбек Рахметов және бөлімше кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұқтар Өмірзақұлы бастаған әріптестері келіп, бөлімше басшылығының құттықтауын жеткізіп, бағалы сыйлығын тарту етті.
Сырдың жоғары бастауындағы Өзгент ауылында дүниеге келген Әнуар Төлегенов алғашқы жұмысын жылдамдық таспасын алушы болып бастап, онан кейін слесарь, тепловоз машинисінің көмекшісі, профилактикалық жөндеу шеберінің көмекшісі, цех шебері, 1967 жылы депо бастығының жөндеу жұмыстары жөнінде орынбасары жұмыстарын атқарады. 1970-1977 жылдар аралығында Гурьев, Ақтөбе бөлімшелерінде локомотив деполарында басшылық қызмет жасап, Қызылорда бөлімшесіне ауысады. 1998 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін локомотив депосын, бөлімшенің локомотив бөлімін басқарады.
-1987-1994 жылдары аралығында бөлімше телімдерінен тәулігіне 40-тан аса жүк құрамалары, 15-18 жұп жолаушылар пойыздары өткізілетін болған. Менің алғаш қолға алған шаруам - қосымша бригадалар ұйымдастыру болды. Әрбір ауысымға, цехтарға тәжірибелі инженерлер мен технологтар бекітіліп, еңбек тәртібін бақылау күшейтілді. Алғаш болып «үлгілі цех» атағын жеңіп алу үшін конкурс ұйымдастырылды. Бумен жылытылып келген депоны сумен жылытуды ойластырып, екі бірдей жаңа қазандық орнаттық. Сол кездегі «Тұрғын үй-91» бағдарламасына орай өз күшімізбен 18 пәтерлі екі үй салып теміржолшылардың пайдалануына бердік. Осының бәрі атағымызды шығару үшін емес, кейінгі ұрпақтың қажетіне жарамды бір сауапты іс атқарайық деген ниетпен атқарылды,- деп өткенді еске алады ардагер.
Әнуар Төлегеновты жергілікті халық қалалық кеңеске депутат етіп сайлайды. Сол жылдары да депутаттық мандатын пайдаланып теміржол бойындағы халықтың талай проблемасын шешуге мұрындық болғанын бүгінде ел біледі. Екі мәрте «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тарлан теміржолшы бүгінде сексеннің сеңгіріне толып, ел-жұртына сыйлы абыз ақсақал атанып отыр.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты