ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ

Новости
13.06.2017, 13:58
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы темір жол көлігіндегі жүк және жолаушылар тасымалын, тұтынушыларды электрмен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз етіп отыр.  Электр қондырғыларының күтімін жасап, ақау мен апаттың алдын-алу, тексеру-жөндеу жұмыстары ҚР Электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес мерзімде, шығарушы зауыттардың нұсқаулықтарына сәйкес, ағымдағы жағдайына байланысты дистанция мен электр құрылғыларына жауапты тұлға арасында жасақталып, бір жылға бекітіледі. Бүгінгі таңда дистанция бойынша 10 кВ автоблоктау және бойлық электрмен жабдықтау жоғарғы кернеулі әуе желісіне көктемгі-жазғы профилактикалық, алдын-алу, тексеру-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоғарғы кернеулі әуе желісіне алдын-алу, жөндеу жұмыстары көктемде және күзде, яғни жылына 2 рет жүргізіледі. Ол кезде электр құрылғыларының жай-күйі тексеріліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады. Бүгінгі таңда қызмет көрсету аймағы Опорный станциясынан Болашақ – Түркіменстан шекарасына дейін, Бейнеу  станциясынан Оазис станциясына дейін, Бейнеу станциясынан Тассай станциясына дейін, Боржақты станциясынан Ерсай станциясына дейін 1229,1 км құрайтын әуе желісіне алдын-алу, тексеру-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін дистанцияның желілік бөлімшелерінен 7 бригада жасақталған.  Алдын-алу, тексеру-жөндеу барысында 10 кВ автоблоктау және бойлық электрмен жабдықтау жоғарғы кернеулі әуе желісі құрылғыларына тексеріс жүргізіліп, ағымдағы жөндеу – оқшаулағыштар тазаланды, олардың бүтіндігі,  орнатылу беріктігі, КТП(О) трансформаторлары, олардағы май деңгейлері тексерілді. Бұған қоса, электро құрылғыларындағы қауіпсіздік белгілері жаңартылып, тірек негіздері боялды, желілік ажыратып-қосқыштар қалыпқа келтіріліп, боялды, сигналдық нүктелер де тексеріліп, талапқа сәйкестендірілді. Тексерістер барысында оқшаулағыштар мен траверстер, желі сымдары ауыстырылды, тіректер түзетілді.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова