ЭКСПО төрінде ҚТЖ көрмесі
Новости
16.06.2017, 17:45
Халықаралық мамандандырылған көрменің корпоративті павильонынан «Қазақстан темір жолы» компаниясы да орын алып, әлем жұртшылығына отандық болат жолдың жетістіктерін паш етті.
Маусымның 14 күні Астанада «Транскаспийлік Халықаралық Көліктік Бағдар (ТХКБ) бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту, тасымалдың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысушы Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Литва, Польша және Қытай елдерінің делегациялары ЭКСПО көрмесін, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ павильонын да аралады. Көрмеге келуші қонақтар ежелгі теміржолшылар дәстүрімен үлкен қоңырауды соғып, павильон төріне шақырылды. Теміржол әкімшілігі басшылары мен халықаралық көліктік-логистикалық компаниялары жетекшілерінің назарына Ұлы Жібек жолының пайда болуы, дамуының негізгі үш кезеңін қамтитын және экологиялық жағынан тиімді темір жол көлігінің артықшылықтары бойынша салыстырмалы түрдегі инфографиканы көрсететін бейнежазбалар, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы нысандарының көрнекі макеттері, қазақстандық локомотив өндірісін көрсететін GE виртуалды жүйесі ұсынылды.
Ұлттық компанияның көрме экспозициясы 7 бөліктен тұрды. Олар: «Жаңа Жібек жолы» орталық интерактивті үстелі, «Теміржол машина жасау ісі», «Логистикалық инфрақұрылым: қазақстандық көліктің Батыс және Шығыс қақпасы», «Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы мен «Нұрлы жол» жаңа темір жол вокзалы», «GE виртуалды шынайылық жүйесі», «Темір жол көлігінің энергия үнемдеудегі үлесі» деп аталды. Экспозияциялардың негізгі концепциясы – теміржол көлігінің ел экономикасының тұрақты дамуында ықпалы қандай екенін көрсету.
Көрме материалдары Қазақстанның Жаңа Жібек жолының іскерлік және логистикалық хабы ретінде қалыптасуындағы стратегиясын жүзеге асыруға қатысты, еліміздің ғаламдық көлік желісінде көліктік-логистикалық жүйесін шоғырландыру үдерісіндегі рөлі, экономиканың тұрақты дамуы үшін көліктік қамту мәселесі туралы ақпарат береді.
Тиісінше, келген қонақтардың да көрме туралы пікірі жоғары болды.
– Астанаға алғаш рет келіп тұрмын. Қаланы көріп және ЭКСПО-ны аралап, таңданысымды, алған әсерімді жасыра алмаймын. Өте жоғары пікірдемін. Әдемі, әрі көңілге жағымды қала екен. Ал көрмеге келсек, біраз әлем елін аралап, талай экспозицияларды тамашалап жүрген жан болсам да, мұндай биік деңгейдегі шараны көрмеген екем. Соның ішінде Қазақстан темір жолы да жақсы дайындалған. Көруге тұратын, мақтанышпен айта алатын жетістіктерін көрме арқылы барша халыққа түсінікті болатындай жеткізіп, әзірлеген, – дейді Молдова көлік және жол инфрақұрылымы министрінің орынбасары Сергей Букатару.
–Мен Астанада, жалпы Қазақстанда бұған дейін де көп болғанмын. Теміржолшы ретінде бүгінгі ҚТЖ көрмесінде көрініс тапқан барлық зауыттарды аралап шыққанмын. Сіздердің теміржол өнімдеріңізбен, атап айтқанда, Қазақстан зауыттарынан шығатын шпалдар, дизельді локомотив, басқа да өнімдермен таныспын. Бұл біздің теміржолдар арасындағы өзара ынтымақтастықтың арқасында жасалатын жұмыстардың жемісі. Алдағы уақытта сіздердің серіктестеріңіз GE компаниясымен бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз, – дейді Молдова республикасы теміржолдарының директоры Юрий Топала.
ЭКСПО көрмесінің осы корпоративтік павильонында Қазақстанның барлық корпоративтік секторының демеушілері мен шетелдік әріптестер де өз экспозицияларын көрсетті.
– Ауқымдылығы мен әсері керемет есте қалмақ бұл көрменің. Қызықты экспозициялармен қамтылған. Біз транскаспийлік комитет қатысушылары қазақ және басқа да бүгін жиналған бірқатар ұлттар теміржолдарымен бірге жұмыс істеудегі мақсатымыз – Қытай мен Еуропа және керісінше бағыт арасындағы бағдарды сенімді, әрі сапалы ету. Осы мақсатта өткен дөңгелек үстеліміз және соған жалғасқан ЭКСПО көрмесі аясындағы ҚТЖ көрмесін тамашалауымыз, бәрі де біздің ортақ мақсаттағы ынтымақтастығымызға оң ықпал етері анық, – дейді «Укрферри» ЖШҚ коммерциялық директоры Владимир Черниевский.
– Астанаға жиі қонақ болатын жанның бірі ретінде айтарым, қаланың өсу динамикасы таңқаларлық. Сонымен қатар бүгінгі ауқымды көрме шеңберінде әріптестерімнің бөлек көрме дайындағанына қуанып тұрмын. Соңғы 25 жылда үлгеріп жасаған жақсы жаңалықтарын көрсеткен. Біз Латвия шағын ғана ел болсақ та, мұндай ғаламдық шараны өткізе қойған жоқпыз. Сондықтан біз сіздерге қызыға қараймыз, – деп пікірін білдірді «Латвия темір жолдары» МАҚ вице-президенті Эрик Шмукстс.
ҚТЖ көрмесінің ең бір көрнекі экспозициясы – Орталық интерактивті дөңгелек үстел көптің қызығушылығын туғызды. Мұнда Ұлы Жібек жолының тарихы және онымен байланысты ең маңызды деген негізгі оқиғалар, өткені мен бүгіні және болашағы көрініс тапқан. Шарықтау шегі мен құлдырау кезеңдері туралы, ірі қолбасшы Александр Македонский Азияға келгенде пайда болған жолдың 15 ғасыр бойына ірі сауда жолы болғандығы баяндалды. Сонымен қатар Шығыс, Батыс қақпасын түсіндіргенде шығыста Қорғас пен батыста Құрық порттарының әлеуеті туралы айтылды. Контейнерлік тасымалды дамытуға басым көңіл бөлініп жатқан дәуірде ерекше температуралық режимде сақталуды қажет ететін өнімдерге арналған заман талабына сай қоймалары бар «Астана» көліктік-логистикалық орталығының ашылуы да біздің зор жетістігіміз деп бағаланды.
Осындай пайдалы әрі, қызықты ақпараттар кеңістігіне жетелеген Қазақстан теміржолының көрмесінен соң шетелдік меймандар әрі қарай көрменің тақырыптық, түрлі ұлттық, коммерциялық, халықаралық және «Нұр Әлем» павильондарын аралады.
Райхан РАХМЕТОВА
Новости
21.07.2026
Единое информационное пространство ЦЖС: все корпоративные сервисы — в одном месте
Спорт
21.07.2026
Железнодорожник поднял флаг КТЖ на вершине Эльбруса
Новости
21.07.2026
Пожарный поезд КТЖ принял участие в тушении пожара в Алматы
Грузовые перевозки
21.07.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» продолжает обновление локомотивного парка
Новости
21.07.2026
Зампред КТЖ представил в Австрии проекты по развитию транспортных коридоров
Инфраструктура
21.07.2026
КТЖ обновило 686 км железнодорожного пути
Новости / Архив
21.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №55 от 21 июля 2026 года
Пассажирские перевозки
20.07.2026
Женский вагон появится в поезде Тальго №81/82 «Нурлы жол – Орал»
Инфраструктура
20.07.2026
КТЖ ускоряет строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал
Регионы
20.07.2026
Систему Trip Optimizer внедрили в Оскеменском эксплуатационном локомотивном депо
Социум
20.07.2026
Сотрудница КТЖ создала волонтёрский проект «Аяла» для помощи недоношенным детям
Регионы
17.07.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Жаксы
Новости
17.07.2026
КТЖ проводит республиканские акции по безопасности на железной дороге
Новости
17.07.2026
АО «Қазтеміртранс» приобретет 13 тысяч грузовых вагонов до 2032 года
Пассажирские перевозки
17.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» получило сертификаты по четырём стандартам ISO
Интервью
17.07.2026
Порт Курык раскрывает свой потенциал как ключевое звено ТМТМ
Новости
17.07.2026
Правительство определило ключевые задачи по развитию ж/д инфраструктуры Казахстана
Новости / Архив
17.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №54 от 17 июля 2026 года
Новости
16.07.2026
Руководство Дирекции магистральной сети оценило ход реконструкции вокзала в Аркалыке
Новости
16.07.2026
Пожарные поезда КТЖ участвовали в ликвидации степных пожаров в Акмолинской и Павлодарской областях