ЭКСПО төрінде ҚТЖ көрмесі

Жаңалықтар
16.06.2017, 17:45
Халықаралық мамандандырылған көрменің корпоративті павильонынан «Қазақстан темір жолы» компаниясы да орын алып, әлем жұртшылығына отандық болат жолдың жетістіктерін  паш етті. Маусымның 14 күні Астанада «Транскаспийлік Халықаралық  Көліктік Бағдар (ТХКБ) бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту, тасымалдың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысушы Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Литва, Польша және Қытай елдерінің делегациялары ЭКСПО көрмесін, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ павильонын да аралады. Көрмеге келуші қонақтар ежелгі теміржолшылар дәстүрімен үлкен қоңырауды соғып, павильон төріне шақырылды. Теміржол әкімшілігі басшылары мен халықаралық көліктік-логистикалық компаниялары жетекшілерінің назарына Ұлы Жібек жолының пайда болуы, дамуының негізгі үш кезеңін қамтитын және экологиялық жағынан тиімді темір жол көлігінің артықшылықтары бойынша салыстырмалы түрдегі инфографиканы көрсететін бейнежазбалар, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы нысандарының көрнекі макеттері, қазақстандық локомотив өндірісін көрсететін GE виртуалды жүйесі ұсынылды. Ұлттық компанияның көрме экспозициясы 7 бөліктен тұрды. Олар: «Жаңа Жібек жолы» орталық интерактивті үстелі, «Теміржол машина жасау ісі»,  «Логистикалық инфрақұрылым: қазақстандық көліктің  Батыс және Шығыс қақпасы», «Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы мен «Нұрлы жол» жаңа темір жол вокзалы», «GE виртуалды шынайылық жүйесі», «Темір жол көлігінің энергия үнемдеудегі үлесі» деп аталды. Экспозияциялардың негізгі концепциясы – теміржол көлігінің ел экономикасының тұрақты дамуында ықпалы қандай екенін көрсету. Көрме материалдары Қазақстанның Жаңа Жібек жолының іскерлік және логистикалық хабы ретінде қалыптасуындағы стратегиясын жүзеге асыруға қатысты, еліміздің ғаламдық көлік желісінде көліктік-логистикалық жүйесін шоғырландыру үдерісіндегі рөлі, экономиканың тұрақты дамуы үшін көліктік қамту мәселесі туралы ақпарат береді.  Тиісінше, келген қонақтардың да көрме туралы пікірі жоғары болды. – Астанаға алғаш рет келіп тұрмын. Қаланы көріп және ЭКСПО-ны аралап, таңданысымды, алған әсерімді жасыра алмаймын. Өте жоғары пікірдемін. Әдемі, әрі көңілге жағымды қала екен. Ал көрмеге келсек, біраз әлем елін аралап, талай  экспозицияларды тамашалап жүрген жан болсам да, мұндай биік деңгейдегі шараны көрмеген екем. Соның ішінде Қазақстан темір жолы да жақсы дайындалған. Көруге тұратын, мақтанышпен айта алатын жетістіктерін көрме арқылы барша халыққа түсінікті болатындай жеткізіп, әзірлеген, – дейді  Молдова көлік және жол инфрақұрылымы министрінің орынбасары Сергей Букатару. –Мен Астанада, жалпы Қазақстанда бұған дейін де көп болғанмын. Теміржолшы ретінде бүгінгі ҚТЖ көрмесінде көрініс тапқан барлық зауыттарды аралап шыққанмын. Сіздердің теміржол өнімдеріңізбен, атап айтқанда, Қазақстан зауыттарынан шығатын шпалдар, дизельді локомотив, басқа да өнімдермен таныспын. Бұл біздің теміржолдар арасындағы өзара ынтымақтастықтың арқасында жасалатын жұмыстардың жемісі. Алдағы уақытта сіздердің серіктестеріңіз GE компаниясымен бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз, – дейді Молдова республикасы теміржолдарының директоры Юрий Топала.     ЭКСПО көрмесінің осы корпоративтік павильонында Қазақстанның барлық корпоративтік секторының демеушілері мен шетелдік әріптестер де  өз экспозицияларын көрсетті. – Ауқымдылығы мен әсері керемет есте қалмақ бұл көрменің. Қызықты экспозициялармен қамтылған. Біз транскаспийлік комитет қатысушылары қазақ және басқа да бүгін жиналған бірқатар ұлттар теміржолдарымен бірге жұмыс істеудегі мақсатымыз – Қытай мен Еуропа және керісінше бағыт арасындағы бағдарды сенімді, әрі сапалы ету. Осы мақсатта өткен дөңгелек үстеліміз және соған жалғасқан ЭКСПО көрмесі аясындағы ҚТЖ көрмесін тамашалауымыз, бәрі де біздің ортақ мақсаттағы ынтымақтастығымызға оң ықпал етері анық, – дейді «Укрферри» ЖШҚ коммерциялық директоры Владимир Черниевский. – Астанаға жиі қонақ болатын жанның бірі ретінде айтарым, қаланың өсу динамикасы таңқаларлық. Сонымен қатар бүгінгі ауқымды көрме шеңберінде әріптестерімнің бөлек көрме дайындағанына қуанып тұрмын. Соңғы 25 жылда үлгеріп жасаған жақсы жаңалықтарын көрсеткен. Біз Латвия шағын ғана ел болсақ та, мұндай ғаламдық шараны өткізе қойған жоқпыз. Сондықтан біз сіздерге қызыға қараймыз, – деп пікірін білдірді «Латвия темір жолдары» МАҚ вице-президенті Эрик Шмукстс.     ҚТЖ көрмесінің ең бір көрнекі экспозициясы – Орталық интерактивті дөңгелек үстел көптің қызығушылығын туғызды. Мұнда Ұлы Жібек жолының тарихы және онымен байланысты ең маңызды деген негізгі оқиғалар, өткені мен бүгіні және болашағы көрініс тапқан. Шарықтау шегі мен құлдырау кезеңдері туралы, ірі қолбасшы Александр Македонский Азияға келгенде пайда болған жолдың 15 ғасыр бойына ірі сауда жолы болғандығы баяндалды. Сонымен қатар Шығыс, Батыс қақпасын түсіндіргенде шығыста Қорғас пен батыста Құрық порттарының әлеуеті туралы айтылды. Контейнерлік тасымалды дамытуға басым көңіл бөлініп жатқан дәуірде ерекше температуралық режимде сақталуды қажет ететін өнімдерге арналған заман талабына сай қоймалары бар «Астана» көліктік-логистикалық орталығының ашылуы да біздің зор жетістігіміз деп бағаланды. Осындай пайдалы әрі, қызықты ақпараттар кеңістігіне жетелеген Қазақстан теміржолының көрмесінен соң шетелдік меймандар әрі қарай көрменің тақырыптық, түрлі ұлттық, коммерциялық, халықаралық және «Нұр Әлем» павильондарын аралады.

Райхан РАХМЕТОВА

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты