Қаракеткен – Қызылтам: таңалагеуімде басталған толаскез

Новости
27.06.2017, 11:06
Күннің ыстықтығына  байланысты қызылордалық жолшылар жол күтімі жұмыстарын ауысыммен жүргізуге немесе таңалагеуімнен бастап сәскеге дейін жүргізуге мәжбүр.  Жол жөндеуші компаниясының Батыс дирекциясы жолшылары да осы дағдымен Қаракеткен – Қызылтам перегонында алтыншы рет беріліп отырған толаскезді таң атпастан бастады. Бүгінгі толаскез кезінде 1,5 км ескі ағаш шпалды рельс тізбектері түгелімен сөгіліп, жол төсемі толық қопарылып алынып, орнына су жаңа темірбетон шпалды рельс тізбектері салынбақшы екен. Күрделі жөндеу жұмысына басшылық жасап жүрген дирекция басшысының орынбасары Айдар Әбілдаев пен дирекцияның бас инженері Дәурен Сұлтамұратов жұмыс алдында атқарылар жұмыс ауқымымен  таныстырып, қысқаша инструктаж жасады. Ал техникалық қаупсіздік және еңбек қорғау инженері Нұрлан Сәткеев пысықтау сабағын өткізіп, пойыз өтетін болса  жолдан қанша метр қашық тұру керек, жолды кесіп өткенде 15 градус бұрыш шамасында өту секілді ескертулерін  жасады.  Фельдшер Элмира Дәрібаева жұмысшыларды  дәрігерлік тексеруден өткізіп үлгеріпті. Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясы директорының орынбасары Абдулла Досымовтың басқаруындағы жолшылар іске жұдырықтай жұмылып дайындықпен кіріскенде күн енді ғана шапақтанып келе жатқан. Сырт көзге құмырсқаның илеуіндей құжынаған қызыл желет киген жолшылар бір-біріне кедергі жасамай шапшаң қимылдауда. Рельстерді жинаушы жолшылар тобының ізін қуа жер төсемін ысырып келе жатқан ауыр салмақты Т-130, СД-22, СД-32 темір табанды тракторлардың да жұмысы жылдам, оның артында ысырылған жерді таптап, тегістеп ДЗ, GR-215 автогрейдерлері өкшелеп келеді. Арасында геодезист Нұрғали Мұстафаев ала сызғышын көтерген көмекшісімен дайындалып жатқан жер төсемінің аласа, биіктігін өлшеумен айналысуда. Сырт қарағанда толаскез кезіндегі жасалып жатқан жұмыстар нағыз жолшылар еңбегін көрсетеді. Бірнеше топқа бөлінген 100-ден аса теміржолшы берілген уақытты тиімді пайдалану үшін жанталасуда. Мақсат бүгінгі он екі сағаттық толаскездің әр минутын қалт жібермей тапсырманы орындау. Дирекцияның экономисі жұмыс процесін қағазға қаттап отыр. –Толаскездің уақыты басталғаннан, соңына дейінгі біздердің жұмысымыз жайлы экономист Бағлан Майгелдиевтің есебі тыңдалады. Онда біздің тарапымыздан қай жерде кемшілік жіберілді, кімдер кедергі болды, нендей жұмыс атқарылмай қалды, нені жіберіп алдық, техниканың қайсысының жұмысында іркіліс болды, уақытты қалай пайдаландық деген сауалдар ортаға салынып, талқыға түседі. Осы кемшіліктерді алдағы уақытта қайталамауға күш саламыз, – дейді жол жөндеушілердің жұмысын түсіндірген бас инженер Дәурен Сұлтамұратов. Сонымен, таңалакеуімде басталған Жосалы – Жалағаш учаскесінің Қаракеткен теліміндегі 10,452 км жолды күрделі жөндеу жұмыстары үшін 6-рет беріліп отырған толаскезде 1,5 км жолды жөндеу тапсырмасы сағат 11-00 шамасында біраз еңсеріліп, рельс тізбектерінің ескілері сөгіліп алынып, жаңасын төсеу жақындады. Әрі қарай, төселген рельс тізбектерін біріне бірін байланыстырып, дәнекерлеп, онан түзеп, тегістеп және бір топ қызу жұмыс жасап келеді. Жол арасындағы арақашықтық жол төсеуішлердің ұзын шаблонымен ауық-ауық өлшенуде. Мұнда да екінші бір УК-25/9-18 кранымен төсем жұмысы атқарылып, жолды түзететін РГУ құрылғысымен түзуленіп, тізбектер бекітілуде. Телімде жол екі бағытта болғандықтан кесте бойынша өтіп жатқан пойыздар қозғалысына кедергі болған жоқ. Тек алыстан жылжымалы құрам көрінгенде барлық техника да, жолшылар да қауіпсіз жерде тұрып пойыздың өтіп кетуін күтеді. Рациялардан «Абайлаңыздар, жұп, не тақ пойыз келеді» деген ескерту беріліп, жұмыс саябырсиды да пойыздың соңғы вагоны өткен бойда жұмыс қайта жалғастырылады. Толаскез барысында төселген 1,5 км жаңа жол төсемдері арасы мен астындағы  қиыршық тастар арнайы жол техникаларымен нығыздалып күшейтілуде. Тас төсемінің кемі 40 сантиметрге дейін рельс арасында қалса қажетті көлемде астына да нығыздалып төселінуде. –Біздің жолшылардың қай-қайсысының да тәжірибесі жетерлік, дегенмен ауқымды жұмыс барысында ерекше жауапкершілігімен танылған  Ғазиз Молжігітов, Абай Төлепберген, Асылбек Жиеналиев, Әділхан Нұрпейісов, Дархан Мешітбаев, Қайрат Жебеев, Айдос Досболов, Батырғали Бакиров, Васил Гизатулин және Абжат Шанбаев сынды жігіттерімізді мақтан тұтамыз, – дейді бас инженер Дәурен Сұлтамұратов, белгіленген тапсырма толық орындалып,  толаскез аяқталған соң. Дирекция басшылығы ортақ іске атсылысқан барша ұжымға алғыс білдірді.  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қаракеткен – Қызылтам

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова