Қаракеткен – Қызылтам: таңалагеуімде басталған толаскез
Жаңалықтар
27.06.2017, 11:06
Күннің ыстықтығына байланысты қызылордалық жолшылар жол күтімі жұмыстарын ауысыммен жүргізуге немесе таңалагеуімнен бастап сәскеге дейін жүргізуге мәжбүр.
Жол жөндеуші компаниясының Батыс дирекциясы жолшылары да осы дағдымен Қаракеткен – Қызылтам перегонында алтыншы рет беріліп отырған толаскезді таң атпастан бастады. Бүгінгі толаскез кезінде 1,5 км ескі ағаш шпалды рельс тізбектері түгелімен сөгіліп, жол төсемі толық қопарылып алынып, орнына су жаңа темірбетон шпалды рельс тізбектері салынбақшы екен. Күрделі жөндеу жұмысына басшылық жасап жүрген дирекция басшысының орынбасары Айдар Әбілдаев пен дирекцияның бас инженері Дәурен Сұлтамұратов жұмыс алдында атқарылар жұмыс ауқымымен таныстырып, қысқаша инструктаж жасады. Ал техникалық қаупсіздік және еңбек қорғау инженері Нұрлан Сәткеев пысықтау сабағын өткізіп, пойыз өтетін болса жолдан қанша метр қашық тұру керек, жолды кесіп өткенде 15 градус бұрыш шамасында өту секілді ескертулерін жасады. Фельдшер Элмира Дәрібаева жұмысшыларды дәрігерлік тексеруден өткізіп үлгеріпті.
Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясы директорының орынбасары Абдулла Досымовтың басқаруындағы жолшылар іске жұдырықтай жұмылып дайындықпен кіріскенде күн енді ғана шапақтанып келе жатқан. Сырт көзге құмырсқаның илеуіндей құжынаған қызыл желет киген жолшылар бір-біріне кедергі жасамай шапшаң қимылдауда. Рельстерді жинаушы жолшылар тобының ізін қуа жер төсемін ысырып келе жатқан ауыр салмақты Т-130, СД-22, СД-32 темір табанды тракторлардың да жұмысы жылдам, оның артында ысырылған жерді таптап, тегістеп ДЗ, GR-215 автогрейдерлері өкшелеп келеді. Арасында геодезист Нұрғали Мұстафаев ала сызғышын көтерген көмекшісімен дайындалып жатқан жер төсемінің аласа, биіктігін өлшеумен айналысуда. Сырт қарағанда толаскез кезіндегі жасалып жатқан жұмыстар нағыз жолшылар еңбегін көрсетеді. Бірнеше топқа бөлінген 100-ден аса теміржолшы берілген уақытты тиімді пайдалану үшін жанталасуда. Мақсат бүгінгі он екі сағаттық толаскездің әр минутын қалт жібермей тапсырманы орындау. Дирекцияның экономисі жұмыс процесін қағазға қаттап отыр.
–Толаскездің уақыты басталғаннан, соңына дейінгі біздердің жұмысымыз жайлы экономист Бағлан Майгелдиевтің есебі тыңдалады. Онда біздің тарапымыздан қай жерде кемшілік жіберілді, кімдер кедергі болды, нендей жұмыс атқарылмай қалды, нені жіберіп алдық, техниканың қайсысының жұмысында іркіліс болды, уақытты қалай пайдаландық деген сауалдар ортаға салынып, талқыға түседі. Осы кемшіліктерді алдағы уақытта қайталамауға күш саламыз, – дейді жол жөндеушілердің жұмысын түсіндірген бас инженер Дәурен Сұлтамұратов.
Сонымен, таңалакеуімде басталған Жосалы – Жалағаш учаскесінің Қаракеткен теліміндегі 10,452 км жолды күрделі жөндеу жұмыстары үшін 6-рет беріліп отырған толаскезде 1,5 км жолды жөндеу тапсырмасы сағат 11-00 шамасында біраз еңсеріліп, рельс тізбектерінің ескілері сөгіліп алынып, жаңасын төсеу жақындады. Әрі қарай, төселген рельс тізбектерін біріне бірін байланыстырып, дәнекерлеп, онан түзеп, тегістеп және бір топ қызу жұмыс жасап келеді. Жол арасындағы арақашықтық жол төсеуішлердің ұзын шаблонымен ауық-ауық өлшенуде. Мұнда да екінші бір УК-25/9-18 кранымен төсем жұмысы атқарылып, жолды түзететін РГУ құрылғысымен түзуленіп, тізбектер бекітілуде. Телімде жол екі бағытта болғандықтан кесте бойынша өтіп жатқан пойыздар қозғалысына кедергі болған жоқ. Тек алыстан жылжымалы құрам көрінгенде барлық техника да, жолшылар да қауіпсіз жерде тұрып пойыздың өтіп кетуін күтеді. Рациялардан «Абайлаңыздар, жұп, не тақ пойыз келеді» деген ескерту беріліп, жұмыс саябырсиды да пойыздың соңғы вагоны өткен бойда жұмыс қайта жалғастырылады.
Толаскез барысында төселген 1,5 км жаңа жол төсемдері арасы мен астындағы қиыршық тастар арнайы жол техникаларымен нығыздалып күшейтілуде. Тас төсемінің кемі 40 сантиметрге дейін рельс арасында қалса қажетті көлемде астына да нығыздалып төселінуде.
–Біздің жолшылардың қай-қайсысының да тәжірибесі жетерлік, дегенмен ауқымды жұмыс барысында ерекше жауапкершілігімен танылған Ғазиз Молжігітов, Абай Төлепберген, Асылбек Жиеналиев, Әділхан Нұрпейісов, Дархан Мешітбаев, Қайрат Жебеев, Айдос Досболов, Батырғали Бакиров, Васил Гизатулин және Абжат Шанбаев сынды жігіттерімізді мақтан тұтамыз, – дейді бас инженер Дәурен Сұлтамұратов, белгіленген тапсырма толық орындалып, толаскез аяқталған соң. Дирекция басшылығы ортақ іске атсылысқан барша ұжымға алғыс білдірді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қаракеткен – Қызылтам
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты