ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛАДЫ

Новости
21.07.2017, 15:20
Жолсерік Алтынай Рамбаева бүгінгі күннің қаһарманы. Оның есімі ел аузында. Жақында ол «Астрахань – Маңғышлақ» жолаушылар пойызында Фатима есімді сәбиге екінші рет өмір сыйлап, төртінші рет ана атанды. ...Оқиға былай болыпты. Шілденің шіліңгір ыстығында «Астрахань – Маңғышлақ» бағытындағы пойызға Мақат станциясынан отырған жолаушының 9 айлық сәбиі кенеттен ес-түссіз қалады. «Бала өлді» деген ананың жанайқайы шығады. Мұны естіп, жетіп барған  жолсерік те ана емес пе, ішкі түйсігі нәрестенің көрер жарығы сөнбегенін сездіргендей болады. Ол баланы ажалдан арашалауға кіріседі. Суық хабарды ести сала, жетіп бардым. Сәбидің өңі бозарып кетіпті.  Жүрегі соқпайды. Клиникалық өлім жағдайында жатыр. Анасы мен қасындағы жақындары айрылып қалдық деп жылап-сықтап қоштасуды бастаған. Бізде бұдан бір күн бұрын кері бағыттағы жолсапарда дәл сондай оқиға болған-ды. Күннің ыстығына шыдамай, 9 айлық нәресте шетінеп, шекараның тұсында бір азамат қайтыс болды. Сол күні де күн ыстық, температура өте жоғары көрсеткішке жетті, 500С шамасында еді.  Жаңағы оқиға есіме түсіп, бар ойым қайтсем де баланы аман алып қалу болды. Өз орныма алып кетіп, білген көмегімді көрсеттім. Сәбиді құйрығы мен арқасынан қайта-қайта қағып, бетіне су бүрки бердім. Сол кезде мүлдем қорыққан жоқпын, бойымда бір күш пайда болды. Қайта-қайта атын дауыстай шақыра отырып, білетін жаттығуларымды жасадым, жарты сағаттай өліммен арпалысып, сәбиді өмірге оралту үшін алыстым. Бір кезде бала қырылдаған дауыс шығарды. Тіршіліктің нышаны байқалды. Қуанғанымнан  жылап жібердім.  Құдды өзім босанғандай, тағы бір баланы дүниеге әкелгендей сезіндім. Жалпы, жолаушылармен байланыста жұмыс жасағандықтан түрлі оқиғалар жиі кездеседі. Десе де, мұндай жағдай бірінші рет.  2006 жылы атыраулық келіншекті босандырып, кіндік шешесі атандым. Екі отбасы жақын араласып кеттік. Өзімнің 2 қызым бар. Енді менің үш қызымның қатарына Фатима қосылды, – дейді сәбиді ажал аузынан аман алып қалған Алтынай. Алтынай Рамбаеваның ешқандай медициналық білімі жоқ. Керісінше Фатиманың  анасы Арайлымның мамандығы медбике екен. Қорыққаннан бар білгенінен айырылып, есі шыққан Арайлым Алтынайға айтар алғысын сөзбен жеткізе алмақ емес. Өзім медицина қызметкері болғандықтан дененің тіршілік белгісі біткені маған жақсы таныс. Соған ұқсас жағдай өз бөбегімнен де байқалғасын абдырап, не істерімді білмей қалыппын. Фатиманың алдында да 3 балам бар, ешқайсысының қызуы мұншалықты көтеріліп, есінен танатындай халге жетіп көрмеген. Алыс жолға бірінші рет алып шыққаным сол еді. Қазір үйде. Жағдайы бірқалыпты. Учаскелік дәрігеріне көрсеттік, енді түгел медициналық бақылаудан өткізбекшімін. Алтынай ханымға алғысым шексіз, үзілген үмітімді қайта жақты. Бауыр етім баламды аман-есен құшағыма қайтарды, – дейді Арайлым Жалиева. Елдің алғысына бөленіп жүрген Алтынай Рамбаеваның жолсерік қызметінде жүргеніне 17 жыл болыпты. Өзі теміржолшылар әулетінен, 11 тумалас. Соның 7-уі теміржолшы. Әкесі  Геннадий Рамбаев 75 жасына дейін одақтас елдердің теміржолында қызмет етіп, «Құрметті теміржолшы» атанған. Қалпына келтіру пойызын басқарған. Анасы Дәмилә Рамбаева жолсерік болған. 100-ге шығып, жақында ғана өмірден озған әжесі Жауыз Балқанова станция кезекшісі болыпты. Әженің тәрбиесін көрген немерелердің 4-уі жолсерік болуды таңдапты.

Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова