ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛАДЫ
Жаңалықтар
21.07.2017, 15:20
Жолсерік Алтынай Рамбаева бүгінгі күннің қаһарманы. Оның есімі ел аузында. Жақында ол «Астрахань – Маңғышлақ» жолаушылар пойызында Фатима есімді сәбиге екінші рет өмір сыйлап, төртінші рет ана атанды.
...Оқиға былай болыпты. Шілденің шіліңгір ыстығында «Астрахань – Маңғышлақ» бағытындағы пойызға Мақат станциясынан отырған жолаушының 9 айлық сәбиі кенеттен ес-түссіз қалады. «Бала өлді» деген ананың жанайқайы шығады. Мұны естіп, жетіп барған жолсерік те ана емес пе, ішкі түйсігі нәрестенің көрер жарығы сөнбегенін сездіргендей болады. Ол баланы ажалдан арашалауға кіріседі.
Суық хабарды ести сала, жетіп бардым. Сәбидің өңі бозарып кетіпті. Жүрегі соқпайды. Клиникалық өлім жағдайында жатыр. Анасы мен қасындағы жақындары айрылып қалдық деп жылап-сықтап қоштасуды бастаған. Бізде бұдан бір күн бұрын кері бағыттағы жолсапарда дәл сондай оқиға болған-ды. Күннің ыстығына шыдамай, 9 айлық нәресте шетінеп, шекараның тұсында бір азамат қайтыс болды. Сол күні де күн ыстық, температура өте жоғары көрсеткішке жетті, 500С шамасында еді. Жаңағы оқиға есіме түсіп, бар ойым қайтсем де баланы аман алып қалу болды. Өз орныма алып кетіп, білген көмегімді көрсеттім. Сәбиді құйрығы мен арқасынан қайта-қайта қағып, бетіне су бүрки бердім. Сол кезде мүлдем қорыққан жоқпын, бойымда бір күш пайда болды. Қайта-қайта атын дауыстай шақыра отырып, білетін жаттығуларымды жасадым, жарты сағаттай өліммен арпалысып, сәбиді өмірге оралту үшін алыстым. Бір кезде бала қырылдаған дауыс шығарды. Тіршіліктің нышаны байқалды. Қуанғанымнан жылап жібердім. Құдды өзім босанғандай, тағы бір баланы дүниеге әкелгендей сезіндім. Жалпы, жолаушылармен байланыста жұмыс жасағандықтан түрлі оқиғалар жиі кездеседі. Десе де, мұндай жағдай бірінші рет. 2006 жылы атыраулық келіншекті босандырып, кіндік шешесі атандым. Екі отбасы жақын араласып кеттік. Өзімнің 2 қызым бар. Енді менің үш қызымның қатарына Фатима қосылды, – дейді сәбиді ажал аузынан аман алып қалған Алтынай.
Алтынай Рамбаеваның ешқандай медициналық білімі жоқ. Керісінше Фатиманың анасы Арайлымның мамандығы медбике екен. Қорыққаннан бар білгенінен айырылып, есі шыққан Арайлым Алтынайға айтар алғысын сөзбен жеткізе алмақ емес.
Өзім медицина қызметкері болғандықтан дененің тіршілік белгісі біткені маған жақсы таныс. Соған ұқсас жағдай өз бөбегімнен де байқалғасын абдырап, не істерімді білмей қалыппын. Фатиманың алдында да 3 балам бар, ешқайсысының қызуы мұншалықты көтеріліп, есінен танатындай халге жетіп көрмеген. Алыс жолға бірінші рет алып шыққаным сол еді. Қазір үйде. Жағдайы бірқалыпты. Учаскелік дәрігеріне көрсеттік, енді түгел медициналық бақылаудан өткізбекшімін. Алтынай ханымға алғысым шексіз, үзілген үмітімді қайта жақты. Бауыр етім баламды аман-есен құшағыма қайтарды, – дейді Арайлым Жалиева.
Елдің алғысына бөленіп жүрген Алтынай Рамбаеваның жолсерік қызметінде жүргеніне 17 жыл болыпты. Өзі теміржолшылар әулетінен, 11 тумалас. Соның 7-уі теміржолшы. Әкесі Геннадий Рамбаев 75 жасына дейін одақтас елдердің теміржолында қызмет етіп, «Құрметті теміржолшы» атанған. Қалпына келтіру пойызын басқарған. Анасы Дәмилә Рамбаева жолсерік болған. 100-ге шығып, жақында ғана өмірден озған әжесі Жауыз Балқанова станция кезекшісі болыпты. Әженің тәрбиесін көрген немерелердің 4-уі жолсерік болуды таңдапты.
Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты