Тальгоға» қызмет көрсетуді меңгеруде

Новости
25.07.2017, 11:33
Әйтеке би техникалық қызмет көрсету бекеті арқылы өтетін вагондар саны екі есеге артты. Бекет басшысы Жалғас Есенқазақовтың айтуынша, жолаушылар пойыздарының саны соңғы бір айда 240-тан асқан. Жыл басында айына орта есеппен 124 пойыз өтеді екен. Демек, 100-ден астам пойыз артық қаралатын болып жүр. «Бір күнде 6-8 жолаушылар пойызы өтеді. Халықаралық ЭКСПО көрмесіне байланысты пойыздар саны артты. Рас, қосымша пойыздар тек қыркүйек айының 9-10-дарына дейін қатынайды», – дейді ол.   Әйтекебилік вагон қараушылардағы тағы бір жаңалық – осы жылдан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарының дөңгелектеріне де тексеру жұмыстарын жүргізу сатылап енгізіле бастаған. «Пойыздар құрамы негізінен Қандыағаш, Никельтау, Ақтөбе станцияларында құрастырылады. Біздің станцияның үстімен тек жүріп өтеді. Ірі станцияларда пойызды қарап шығу уақыты әлдеқайда ұзақ болса, бізде 10-15 минутта бір шолып шығу керек. Жалпы, вагон қараушыларды «Тұлпар-Тальго» пойыздарын тексеру мақсатында үйрете бастады. Болашақта оған да жетеміз»,–  дейді бекет басшысы. Жалғас Есенқазақовтың айтуынша, өндірістік көрсеткіштер жақсы. Ешқандай ақау жоқ. Мамандар біліктіліктерін артырып жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бекет басшысының өзі де таяуда оқу орталығына барып, дәріс тыңдап қайтты. Бүгінде сақтыққа қатысты айлық шаралар қолға алынған. Техникалық сабақтар уақытылы өткізіліп келеді. Сонымен бірге, биылдан бастап вагон қараушылар үшін жолдардың арасында арнайы «шағын аралдар» салына бастады. «Арал» дегеніміз, вагон қараушының қауіпсіздігі үшін жол арасында арнайы күтетін орын іспетті. Темір жол паркінің екі басына екі орын жасалған. «Жас мамандар баршылық. Жаңадан келгендерін вагон қарау қызметіне үйретіп жатырмыз. Дағдылана келе, оларға вагон қарауға рұқсатнама беріледі. Бекет қызметкерлерінің балаларына биыл өзге облыстарға жазғы лагерьлерге жолдама беріле бастады. Бурабай мен «Сосновый бор» демалыс орындарына балаларымызды жібергелі отырмыз. Бұрын тек облыс аумағына шығатын еді, бүгінде өзге облыстарға да шығу мүмкіндігі туындап отыр», – дейді Жалғас Есенқазақов.   Бүгінде Әйтеке би техникалық қызмет көрсету бекетінде 30-ға тарта адам еңбек етеді. Бекет басшысының есебінше, Әйтеке би бекетінде төрт вагон операторы, төрт аға вагон қараушы, слесарьлер мен вагон қараушылар бар. Сонымен бірге, жақын маңдағы Құдықсай вагон қарау бекетінде 4 вагон қараушы мен бір аға вагон қараушы, Аққұдық бекетінде де осынша адам еңбек етеді.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова