Тальгоға» қызмет көрсетуді меңгеруде
Жаңалықтар
25.07.2017, 11:33
Әйтеке би техникалық қызмет көрсету бекеті арқылы өтетін вагондар саны екі есеге артты. Бекет басшысы Жалғас Есенқазақовтың айтуынша, жолаушылар пойыздарының саны соңғы бір айда 240-тан асқан. Жыл басында айына орта есеппен 124 пойыз өтеді екен. Демек, 100-ден астам пойыз артық қаралатын болып жүр.
«Бір күнде 6-8 жолаушылар пойызы өтеді. Халықаралық ЭКСПО көрмесіне байланысты пойыздар саны артты. Рас, қосымша пойыздар тек қыркүйек айының 9-10-дарына дейін қатынайды», – дейді ол.
Әйтекебилік вагон қараушылардағы тағы бір жаңалық – осы жылдан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарының дөңгелектеріне де тексеру жұмыстарын жүргізу сатылап енгізіле бастаған.
«Пойыздар құрамы негізінен Қандыағаш, Никельтау, Ақтөбе станцияларында құрастырылады. Біздің станцияның үстімен тек жүріп өтеді. Ірі станцияларда пойызды қарап шығу уақыты әлдеқайда ұзақ болса, бізде 10-15 минутта бір шолып шығу керек. Жалпы, вагон қараушыларды «Тұлпар-Тальго» пойыздарын тексеру мақсатында үйрете бастады. Болашақта оған да жетеміз»,– дейді бекет басшысы.
Жалғас Есенқазақовтың айтуынша, өндірістік көрсеткіштер жақсы. Ешқандай ақау жоқ. Мамандар біліктіліктерін артырып жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бекет басшысының өзі де таяуда оқу орталығына барып, дәріс тыңдап қайтты. Бүгінде сақтыққа қатысты айлық шаралар қолға алынған. Техникалық сабақтар уақытылы өткізіліп келеді.
Сонымен бірге, биылдан бастап вагон қараушылар үшін жолдардың арасында арнайы «шағын аралдар» салына бастады. «Арал» дегеніміз, вагон қараушының қауіпсіздігі үшін жол арасында арнайы күтетін орын іспетті. Темір жол паркінің екі басына екі орын жасалған.
«Жас мамандар баршылық. Жаңадан келгендерін вагон қарау қызметіне үйретіп жатырмыз. Дағдылана келе, оларға вагон қарауға рұқсатнама беріледі. Бекет қызметкерлерінің балаларына биыл өзге облыстарға жазғы лагерьлерге жолдама беріле бастады. Бурабай мен «Сосновый бор» демалыс орындарына балаларымызды жібергелі отырмыз. Бұрын тек облыс аумағына шығатын еді, бүгінде өзге облыстарға да шығу мүмкіндігі туындап отыр», – дейді Жалғас Есенқазақов.
Бүгінде Әйтеке би техникалық қызмет көрсету бекетінде 30-ға тарта адам еңбек етеді. Бекет басшысының есебінше, Әйтеке би бекетінде төрт вагон операторы, төрт аға вагон қараушы, слесарьлер мен вагон қараушылар бар. Сонымен бірге, жақын маңдағы Құдықсай вагон қарау бекетінде 4 вагон қараушы мен бір аға вагон қараушы, Аққұдық бекетінде де осынша адам еңбек етеді.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты