Темірде жүк тиелімі тәуір
Новости
25.07.2017, 11:38
Арыс пен Түркістан арасындағы сегіз бекеттің үлкені – Темір станциясы. Төртінші класқа жатса да, жүк тасымалы жақсы жолға қойылған. Бекеттің жанында бірнеше кәсіпорының негізі қаланған арнайы индустриалды аймақ салынып жатыр.
Кеңес одағынан бері Темірдегі жүгері зауыты әлі жұмыс істейді. Яғни, күзде піскен жүгері дәнін үгітіп, қысымен кептіріп, көктемде Солтүстікке жібереді. Осылай жылына 100 вагон жүгері дәні жөнелтіледі. Келешекте индустриалды аймақта жүгері сұрыптайтын тағы екі зауыт іске қосылғанда, «Контекс», «Азия Агро», «Отырар дән» атты үш кәсіпорыннан бір жылда 500 вагон жүгері дәні артылады деген жоспар бар. Оған сұраныс еліміздің әр шалғайындағы құс өсіретін фермалардан түседі. Сол жүгеріні егетін уақытта «Будан» ЖШС темір жолмен жылына бір вагон сұрыпталған жүгері дәнін түсіреді. Темірдегі негізгі жүк тасымалын арттырып отырған – уран өндіретін «Заречное» кеніші. Кеніштегі жұмысқа керекті сода, Ресейден тоқсанына екі вагон келетін цемент, химиялық қышқылдар келеді. Сосын зауыттан шығатын уран тағы темір жолмен тасымалданады. Сондай-ақ, 70 мың халқы бар Отырар өңіріне әлі табиғи газ тартылмаған. Аудан халқы қыста қатты отынмен шығатындықтан, автокөліктен бұрын темір жол арқылы жылына 600 вагон көмір түсіріледі.
– Қазіргі таңда тәулігіне 5-10 вагон жүк келуде. Уран өндіретін «Заречное» кенішіне күн сайын 6-12 вагон жүк, айына 250 вагон химиялық қышқыл түсіріліп жатыр. Бекеттің қасында картоп, пияз сынды ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын «Отырар қойма» ЖШС бар. Он вагонға сиятын өнім сақталатын қойманың биыл жұмысы орташа болғандықтан, әзірге артылмады. Соңғы уақытта кәсіпкерлер тауарын темір жол арқылы тасымалдауға құлықты. Индустриалды аймақтың ішінен трансформатор шығаратын және тақтай өңдейтін екі зауыт іске қосылмақ. Шәуілдір шөлді аймақ болғандықтан, жыңғыл сынды ағаштан басқа құрылысқа қажетті тал-терек өспейді. Жылына Ресейден бір вагон тақтай келетін. Енді зауыт іске қосылса сырттан ағаш алдыртпауы мүмкін. Егіншілікпен айналысатын «ИП Жұмабаев» шаруақожалығына 15 вагон целитра келеді. Қысқасы, 7-8 кәсіпорын иелерімен келісімге тұрып, заттарын әкеліп, жөнелтіп отырамыз. Алдағы уақытта Шілік ауылында құс фабрикасы ашылмақ. Жоба авторлары құрылыс заттары мен жемін теміржол арқылы тасымалдайтынын айтуда, – дейді бекет бастығы Қадірхан Мыңжанов.
Темірден «Ақтөбе – Алматы», «Алматы – Орал», «Атырау – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Қызылорда – Петропавл» пойыздарына күн сайын 15-20 жолаушы мінеді. Вокзалдағы күту залы да талапқа сай. Ғасырлық тарихы бар бекет ғимаратының сырты ескі болғанмен, іші жөндеуден өтіп тұрады. Арыс пен Түркістанның ортасында Ақдала, Қостүйін, Қарақоңыр, 37 разъезд, Ақшоқат, Отырабат, Күншағыр, Шойтөбе бекеттерінің басшылары тоқсанында бір Темірге жиналып, техникалық қауіпсіздік сабақтарына қатысады. Әзірге станция бастығының кабинетіне бірнеше компьютер қойып, техникалық кабинет ретінде жасақтаған. Алдағы уақытта бос тұрған үлкен бөлмеге 50 орындық қойып, аталған кабинетті үлкейтпек.
Динар МЕЙІРМАН, Темір
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова