Темірде жүк тиелімі тәуір

Жаңалықтар
25.07.2017, 11:38
Арыс пен Түркістан арасындағы сегіз бекеттің үлкені – Темір станциясы. Төртінші класқа жатса да, жүк тасымалы жақсы жолға қойылған. Бекеттің жанында бірнеше кәсіпорының негізі қаланған арнайы индустриалды аймақ салынып жатыр. Кеңес одағынан бері Темірдегі жүгері зауыты әлі жұмыс істейді. Яғни, күзде піскен жүгері дәнін үгітіп, қысымен кептіріп, көктемде Солтүстікке жібереді. Осылай жылына 100 вагон жүгері дәні жөнелтіледі. Келешекте  индустриалды аймақта жүгері сұрыптайтын тағы екі зауыт іске қосылғанда, «Контекс», «Азия Агро», «Отырар дән» атты үш  кәсіпорыннан бір жылда 500 вагон жүгері дәні артылады деген жоспар бар. Оған сұраныс еліміздің әр шалғайындағы құс өсіретін фермалардан түседі. Сол жүгеріні егетін уақытта  «Будан» ЖШС темір жолмен жылына бір вагон сұрыпталған жүгері дәнін түсіреді. Темірдегі негізгі жүк тасымалын арттырып отырған  – уран өндіретін «Заречное» кеніші. Кеніштегі жұмысқа керекті сода, Ресейден тоқсанына екі вагон келетін цемент, химиялық қышқылдар келеді. Сосын зауыттан шығатын уран тағы темір жолмен тасымалданады. Сондай-ақ, 70 мың халқы бар Отырар өңіріне әлі табиғи газ тартылмаған. Аудан халқы қыста қатты отынмен шығатындықтан, автокөліктен бұрын темір жол арқылы жылына 600 вагон көмір түсіріледі. – Қазіргі таңда тәулігіне 5-10 вагон жүк келуде. Уран өндіретін «Заречное» кенішіне күн сайын 6-12 вагон жүк, айына 250 вагон химиялық қышқыл түсіріліп жатыр. Бекеттің қасында картоп, пияз сынды ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын «Отырар қойма» ЖШС бар. Он вагонға сиятын өнім сақталатын қойманың биыл жұмысы орташа болғандықтан, әзірге артылмады. Соңғы уақытта кәсіпкерлер тауарын темір жол арқылы тасымалдауға құлықты. Индустриалды аймақтың ішінен трансформатор шығаратын және тақтай өңдейтін екі зауыт іске қосылмақ. Шәуілдір шөлді аймақ болғандықтан, жыңғыл сынды ағаштан басқа құрылысқа қажетті тал-терек өспейді. Жылына Ресейден бір вагон тақтай келетін. Енді зауыт іске қосылса сырттан ағаш алдыртпауы мүмкін. Егіншілікпен айналысатын «ИП Жұмабаев» шаруақожалығына 15 вагон целитра келеді. Қысқасы, 7-8 кәсіпорын иелерімен келісімге тұрып, заттарын әкеліп, жөнелтіп отырамыз. Алдағы уақытта Шілік ауылында құс фабрикасы ашылмақ. Жоба авторлары құрылыс заттары мен жемін теміржол арқылы тасымалдайтынын айтуда, – дейді бекет бастығы Қадірхан Мыңжанов.   Темірден  «Ақтөбе – Алматы», «Алматы – Орал», «Атырау – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Қызылорда – Петропавл» пойыздарына күн сайын 15-20 жолаушы мінеді. Вокзалдағы күту залы да талапқа сай. Ғасырлық тарихы бар бекет ғимаратының сырты ескі болғанмен, іші жөндеуден өтіп тұрады. Арыс пен Түркістанның ортасында Ақдала, Қостүйін, Қарақоңыр, 37 разъезд, Ақшоқат, Отырабат, Күншағыр, Шойтөбе бекеттерінің басшылары тоқсанында бір Темірге жиналып, техникалық қауіпсіздік сабақтарына қатысады. Әзірге станция бастығының кабинетіне бірнеше компьютер қойып, техникалық кабинет ретінде жасақтаған. Алдағы уақытта бос тұрған үлкен бөлмеге 50 орындық қойып, аталған кабинетті үлкейтпек.

Динар МЕЙІРМАН, Темір

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты