Қозғалыс қалыпқа келді

Новости
13.06.2016, 11:55
1 маусым күні сағат 16:25-те №378 «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызын басқарып келе жатқан машинист Райымбековтен диспетчерлік орталыққа  жаңбыр суының жолды шайып кеткені, әрмен қарай жүруге мүмкіндік жоқтан, пойыз қозғалысын тоқтатуына мәжбүр екендігін хабарлаған жедел ақпарат келіп түседі. Бұл ақпарды ала салысымен жол дистанциясының диспетчері Р. Дощанов,  дистанция басшысына шығып, болған жағдайды егжей-тегжейлі баяндап береді. Ал өз кезегінде мекеме басшылығы жол монтерлерін ертіп, төтенше оқиға орнына  жедел аттанады. Бұл кезде 11 -ші бекет пен 12-ші бекеттің арасындағы 262-інші шақырымда пойыз қозғалысының тоқтауына байланысты төтенше жағдай жарияланып, облыс әкімшілігі мен аймақтағы жол бөлімшесі шұғыл ұйымдастыру шараларына кіріседі. Ал машинист Райымбеков болса, пойызды 11 -ші бекетке қарай кері итеріп, жол жөндеу жұмыстарына кедергі жасамау ережелерін орындайды. Мұнан соң, бекет аралық жол жабылып, жол монтерлерінен тұратын топ және арнайы техникалар жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары қолға алыныпты. Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясының бастығы Жарылғап Дүйсенбайдың айтуынша, жаңбыр суының мөлшерден тыс жаууы салдарынан темір жол астындағы су өткелі құбырынан су тасып, құбырдың екі қапталындағы жер төсемін шайып кеткен. Бұл өз кезегінде рельстің төмен опырылып түсу қаупін туғызған. Алайда машинистің қырағылығының нәтижесінде жолаушылар бір апаттан аман қалды. –Оқиға орнына сол күні жұмысшы пойызымен жол дистанциясынан 90 адам барды. Шетпе станциясынан 6 платформа қойтас, 300 шпал, 5 вагон қиыршық тас жеткізілді. Сондай-ақ, жер төсемін су шайған тағы да екі учаске яғни, 259, 260 шақырымдар анықталды. Жолшылар сегіз сағат тынбай жұмыс жасады, – дейді Жарылғап Яхудаұлы. Басшы сөзіне қарағанда, темір жол астындағы диаметрі 1,2 м  су өткізетін құбырлар 1964 жылы орнатылыпты. 2010-2015 жылдар арасында Сайөтес – Маңғыстау станциясы аралығындағы барлық құбырларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда,судың ағысы қатты болғандықтан, құбырдың арнасына сыймай, жанынан өткен. Қалпына келтіру жұмыстары бір уақытта бірнеше учаскелерде күн-түні тоқтаусыз жүрді. Су шайған орындарға, соның ішінде 259-шы  км жерге 1 ХДВ, 310  шпал мен қиыршық тас төселсе, 260-ыншы км жерге 11 ХДВ мен қиыршық тас, 262-інші км жерге 60 шпал,  3 ХДВ, 1 вагон қиыршық тас төселді. Жол, белгі беру-байланыс, электрмен жабдықтау дистанциялары мен ДС мекемелерінен барлығы 120 адам күн, түн демей орасан жұмыстың басы- қасында болды. Сөйтіп, 2 маусым күні түнгі 00.43 сағатта ағымдық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталып, теміржолшылардың ерен еңбегінің арқасында «Алматы – Маңғыстау», «Маңғыстау – Ақтөбе» жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Төтенше оқиғаға орай облыстық әкімдік тарапынан Жедел штаб құрылды. Облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар бойынша облыстық комиссияның төрағасы Әнуар Шөжеғұловтың айтуынша, штаб қызметі ауыз су, тамақ және жолаушылар вагондарын жылыту үшін жанар-жағар май қорын дайындап қойған. Алайда пойыз жолаушылары уақытша келтірілген қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, ұсынылған тамақ пен ауыз суды қажет етпепті. Қазір қалпына келтірілген 11 мен 12 бекет арасындағы 259, 260, 262 шақырымдарда жолаушылар және жүк пойыздары ең төменгі  жылдамдық 25 км /сағатпен жүріп жатыр. Алдағы уақытта арнайы нормативке сай темір жол бойына күрделі жөндеу жұмыстарын көпір құрылыстарымен айналысатын мекеме Қапшағай  бригадасы келіп өткізбек.

Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙ, Маңғыстау

         
Регионы
23.09.2026
Железнодорожный вокзал Караганды готовится отметить 70-летний юбилей
Инфраструктура
22.09.2026
ҚТЖ продолжает модернизацию систем автоматики на станции Бейнеу и участках Шалкар – Бейнеу и Кандыагаш – Тобол
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис организовало мультимодальную перевозку более 150 тысяч тонн стальных труб из Китая
Регионы
22.09.2026
Технические занятия для машинистов и их помощников прошли в локомотивных депо Караганды и Акадыря
Новости
22.09.2026
В Акмолинской области продолжается уборочная кампания
Новости
22.09.2026
Кедентранссервис представил современный подход к холодовой логистике Казахстана
Новости
22.09.2026
Столичным школьникам напомнили правила безопасности на железной дороге
Новости / Архив
22.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №75 от 22 сентября 2026 года
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная