Қозғалыс қалыпқа келді
Жаңалықтар
13.06.2016, 11:55
1 маусым күні сағат 16:25-те №378 «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызын басқарып келе жатқан машинист Райымбековтен диспетчерлік орталыққа жаңбыр суының жолды шайып кеткені, әрмен қарай жүруге мүмкіндік жоқтан, пойыз қозғалысын тоқтатуына мәжбүр екендігін хабарлаған жедел ақпарат келіп түседі.
Бұл ақпарды ала салысымен жол дистанциясының диспетчері Р. Дощанов, дистанция басшысына шығып, болған жағдайды егжей-тегжейлі баяндап береді. Ал өз кезегінде мекеме басшылығы жол монтерлерін ертіп, төтенше оқиға орнына жедел аттанады. Бұл кезде 11 -ші бекет пен 12-ші бекеттің арасындағы 262-інші шақырымда пойыз қозғалысының тоқтауына байланысты төтенше жағдай жарияланып, облыс әкімшілігі мен аймақтағы жол бөлімшесі шұғыл ұйымдастыру шараларына кіріседі. Ал машинист Райымбеков болса, пойызды 11 -ші бекетке қарай кері итеріп, жол жөндеу жұмыстарына кедергі жасамау ережелерін орындайды. Мұнан соң, бекет аралық жол жабылып, жол монтерлерінен тұратын топ және арнайы техникалар жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары қолға алыныпты.
Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясының бастығы Жарылғап Дүйсенбайдың айтуынша, жаңбыр суының мөлшерден тыс жаууы салдарынан темір жол астындағы су өткелі құбырынан су тасып, құбырдың екі қапталындағы жер төсемін шайып кеткен. Бұл өз кезегінде рельстің төмен опырылып түсу қаупін туғызған. Алайда машинистің қырағылығының нәтижесінде жолаушылар бір апаттан аман қалды.
–Оқиға орнына сол күні жұмысшы пойызымен жол дистанциясынан 90 адам барды. Шетпе станциясынан 6 платформа қойтас, 300 шпал, 5 вагон қиыршық тас жеткізілді. Сондай-ақ, жер төсемін су шайған тағы да екі учаске яғни, 259, 260 шақырымдар анықталды. Жолшылар сегіз сағат тынбай жұмыс жасады, – дейді Жарылғап Яхудаұлы.
Басшы сөзіне қарағанда, темір жол астындағы диаметрі 1,2 м су өткізетін құбырлар 1964 жылы орнатылыпты. 2010-2015 жылдар арасында Сайөтес – Маңғыстау станциясы аралығындағы барлық құбырларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда,судың ағысы қатты болғандықтан, құбырдың арнасына сыймай, жанынан өткен.
Қалпына келтіру жұмыстары бір уақытта бірнеше учаскелерде күн-түні тоқтаусыз жүрді. Су шайған орындарға, соның ішінде 259-шы км жерге 1 ХДВ, 310 шпал мен қиыршық тас төселсе, 260-ыншы км жерге 11 ХДВ мен қиыршық тас, 262-інші км жерге 60 шпал, 3 ХДВ, 1 вагон қиыршық тас төселді. Жол, белгі беру-байланыс, электрмен жабдықтау дистанциялары мен ДС мекемелерінен барлығы 120 адам күн, түн демей орасан жұмыстың басы- қасында болды.
Сөйтіп, 2 маусым күні түнгі 00.43 сағатта ағымдық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталып, теміржолшылардың ерен еңбегінің арқасында «Алматы – Маңғыстау», «Маңғыстау – Ақтөбе» жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді.
Төтенше оқиғаға орай облыстық әкімдік тарапынан Жедел штаб құрылды. Облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар бойынша облыстық комиссияның төрағасы Әнуар Шөжеғұловтың айтуынша, штаб қызметі ауыз су, тамақ және жолаушылар вагондарын жылыту үшін жанар-жағар май қорын дайындап қойған. Алайда пойыз жолаушылары уақытша келтірілген қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, ұсынылған тамақ пен ауыз суды қажет етпепті.
Қазір қалпына келтірілген 11 мен 12 бекет арасындағы 259, 260, 262 шақырымдарда жолаушылар және жүк пойыздары ең төменгі жылдамдық 25 км /сағатпен жүріп жатыр. Алдағы уақытта арнайы нормативке сай темір жол бойына күрделі жөндеу жұмыстарын көпір құрылыстарымен айналысатын мекеме Қапшағай бригадасы келіп өткізбек.
Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙ, Маңғыстау
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты