Қашан да көш басында

Новости
28.07.2017, 10:14
Семей қаласында байрағын көтерген футболдан шаһар біріншілігі аяқталды. Нәтижесінде теміржолшылардың «Достық» командасы жеңімпаз атанды.  ҚР Футбол Федерациясының шешімімен еліміз көлемінде аяқдоп ойынын өркендету, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеу шаралары аясында аталмыш спорт түрінен ұйымдастырылған бұл қалалық біріншіліктің өзге футбол жарыстарынан бәсі бөлек болды. Себебі, қарсылас командалар осыған дейінгідей шағын жасанды футбол алаңында емес, еуростандарт үлгісіндегі қалалық, орталық «Спартак» футбол стадионында бақ сынасты. Аумағы ат шаптырым жасыл алаң төрінде теміржолшы жастардан құралған «Достық» футбол командасы да жанкүйерлерін желпіндірді. Семейдегі өзге мекемелер спортшыларының барлығын ойсырата ұтқан бөлімше жігіттері ақтық финалда жергілікті аула клубтарында футбол өнеріне машықтанып жүрген «Фортуна» командасымен қорытынды кездесу өткізіп, шиеленісті де тартысты ойын көрсетті. Теміржолшылар дүркін-дүркін шабуылға шығып, қарсыластарын өз қақпаларына қарай тықсырды. Сұрмерген шабуылшылар арасында Семей станциясының теміржолшысы Арсен Тастанов бастаған футболшылар әдемі пас ұйымдастыра білді. Соның нәтижесі болса керек, ойынның 37-ші минутында «Достық» командасы алғашқы гол енгізіп, қарсыластар қақпасына доп салып, есеп ашты. Ойын барысы екінші таймда мүлдем басқаша өріс алды. Бір-бірінен алма кезек басым түскен ойынның қорытындысы 2: 3 есебімен «Достық» командасының есебіне шешілді.

Қуаныш Қожаев, Семей

  Мұнайлы ауданының 10 жылдық мерейтойына орай волейболдан өткен сайыста теміржолшылар жеңіске жетті. «Саламатты Қазақстанға қадам бас» тақырыбында ұйымдастырылған волейбол турнирінде қарсыластарын шақ келтірмей ойсырата ұтқан теміржолшылар шеберлігіне тәнті болмаған жан қалмады. Ақтық сында Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінен, мемлекеттік қызметшілерден құралған командалар өзара сынға түсіп, жүлделі I орын теміржолшылар командасына  бұйырды. –Біздің Маңғыстау командасы теміржолшылар арасында өткендерін қоспағанда 5 жарыста болып, төртеуінде ІІ орынды алдық. Бұл –алғашқы I орын, – дейді қуанышымен бөліскен жеңімпаз команданың капитаны Берекет Жұмағалиев.

Шахида Жұман, Маңғыстау

 
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова