Қуаныш Қожаев, Семей
Мұнайлы ауданының 10 жылдық мерейтойына орай волейболдан өткен сайыста теміржолшылар жеңіске жетті. «Саламатты Қазақстанға қадам бас» тақырыбында ұйымдастырылған волейбол турнирінде қарсыластарын шақ келтірмей ойсырата ұтқан теміржолшылар шеберлігіне тәнті болмаған жан қалмады. Ақтық сында Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінен, мемлекеттік қызметшілерден құралған командалар өзара сынға түсіп, жүлделі I орын теміржолшылар командасына бұйырды. –Біздің Маңғыстау командасы теміржолшылар арасында өткендерін қоспағанда 5 жарыста болып, төртеуінде ІІ орынды алдық. Бұл –алғашқы I орын, – дейді қуанышымен бөліскен жеңімпаз команданың капитаны Берекет Жұмағалиев.Шахида Жұман, Маңғыстау