«Нұрлы жолда» өткен салтанат

Новости
08.08.2017, 09:33
Өткен демалыста еліміздегі 135 мыңнан астам теміржолшы өздерінің кәсіби мерекелері – Көлік қызметкерлерінің күнін атап өтті. Төл мерекеге арналған салтанатты шара «Нұрлы жол» жаңа темір жол вокзалы кешенінде де айрықша аталып өтті.   Бұл – бірнеше ай бұрын ғана пайдалануға беріліп, «көрген де арманда, көрмеген де арманда болған» ғажайып вокзал кешенінде өткен алғашқы салтанат еді. Еліміздің әнұраны асқақтап, мерекелік көңіл-күймен басталған жиында вокзал кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов сөз алып, көпшілікті мерекемен құттықтады.   – Жаңа вокзал кешенінің ашылғанына не бары екі айдан асты. Осы уақыт аралығында біздің кешен екі мыңнан астам жолаушылар пойызын және 900 мыңнан астам жолаушыны қабылдап, жөнелтті. Жақын күндері біз өзіміздің миллионыншы жолаушымызды анықтап, оны салтанатты түрде атап өтетін боламыз.  Құрметті әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді ол.   Әрі қарай вокзал кешенінің ашылуына зор үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. «Өзі ісінің білгірі», «Техникалық сауаттылық», «Креативті жұмыскер», «Көшбасшылық қасиеттер» аталымдары бойынша Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтарға ие болғандар қатары мол болды.   Бұған қоса вокзал басшысының қолынан қызметтік куәліктерін алған жастар теміржолшылар қатарын толықтырды. Айта кетерлігі,  311 адамнан тұратын жаңа вокзал кешені ұжымының дені кеше ғана ЖОО тәмамдап, ұжымдағы тәжірибелі ұстаздарының арқасында кәсіби жетістікке жеткен түлектер құрайды екен.  Марапаттау рәсімінен соң өнерпаз теміржолшылардың қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды. Жастар флешмоб билеп, үлкен-кіші өнерлерін ортаға салды.   – Аз ғана уақыт ішінде біздің ұжым көп болмаса да, өте жақсы табыстарға жетті. Біз алдағы уақытта да вокзалға келген жолаушыларға қолайлы, әрі жайлы болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз, – деді вокзал кешені бойынша кәсіподақ комитеті филиалының төрайымы Әлия Аяғанова. Айта кетейік, 1 маусымда пайдалануға берілген «Нұрлы жол» астаналық вокзал кешені ерекше архитертуралық үлгісімен алыс-жақынның таңданысын туғызған Елордадағы бірегей нысан, қайталанбас сәулет өнерінің бірі болып табылады.

 Мадина ТУРГУМБАЕВА

Суретті түсірген Александр Жабчук

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова