«Нұрлы жолда» өткен салтанат
Жаңалықтар
08.08.2017, 09:33
Өткен демалыста еліміздегі 135 мыңнан астам теміржолшы өздерінің кәсіби мерекелері – Көлік қызметкерлерінің күнін атап өтті. Төл мерекеге арналған салтанатты шара «Нұрлы жол» жаңа темір жол вокзалы кешенінде де айрықша аталып өтті.
Бұл – бірнеше ай бұрын ғана пайдалануға беріліп, «көрген де арманда, көрмеген де арманда болған» ғажайып вокзал кешенінде өткен алғашқы салтанат еді. Еліміздің әнұраны асқақтап, мерекелік көңіл-күймен басталған жиында вокзал кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов сөз алып, көпшілікті мерекемен құттықтады.
– Жаңа вокзал кешенінің ашылғанына не бары екі айдан асты. Осы уақыт аралығында біздің кешен екі мыңнан астам жолаушылар пойызын және 900 мыңнан астам жолаушыны қабылдап, жөнелтті. Жақын күндері біз өзіміздің миллионыншы жолаушымызды анықтап, оны салтанатты түрде атап өтетін боламыз. Құрметті әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді ол.
Әрі қарай вокзал кешенінің ашылуына зор үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. «Өзі ісінің білгірі», «Техникалық сауаттылық», «Креативті жұмыскер», «Көшбасшылық қасиеттер» аталымдары бойынша Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтарға ие болғандар қатары мол болды. Бұған қоса вокзал басшысының қолынан қызметтік куәліктерін алған жастар теміржолшылар қатарын толықтырды. Айта кетерлігі, 311 адамнан тұратын жаңа вокзал кешені ұжымының дені кеше ғана ЖОО тәмамдап, ұжымдағы тәжірибелі ұстаздарының арқасында кәсіби жетістікке жеткен түлектер құрайды екен.
Марапаттау рәсімінен соң өнерпаз теміржолшылардың қатысуымен шағын концерт ұйымдастырылды. Жастар флешмоб билеп, үлкен-кіші өнерлерін ортаға салды.
– Аз ғана уақыт ішінде біздің ұжым көп болмаса да, өте жақсы табыстарға жетті. Біз алдағы уақытта да вокзалға келген жолаушыларға қолайлы, әрі жайлы болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз, – деді вокзал кешені бойынша кәсіподақ комитеті филиалының төрайымы Әлия Аяғанова.
Айта кетейік, 1 маусымда пайдалануға берілген «Нұрлы жол» астаналық вокзал кешені ерекше архитертуралық үлгісімен алыс-жақынның таңданысын туғызған Елордадағы бірегей нысан, қайталанбас сәулет өнерінің бірі болып табылады.
Мадина ТУРГУМБАЕВА
Суретті түсірген Александр Жабчук
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты