Шымкент теміржолы бөлімшесінің  ұжымына өндірістегі теміржолшылардың еңбек жағдайында  қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін ОҚО Еңбек инспекциясы басқармасының «Сенім Сертификаты» табыс етілді.     Аталған екі жылдан бері Еңбек Кодексінің жаңа талаптарына сай, өз қызметкерлерінің  денсаулығы мен сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап отырған мекемелерді «Сенім Сертификатымен» марапаттайтын басқарма өкілі Б.Нұрмаханов, бұл құжатқа ие болғандарға енді үш жылға дейін тиісті салалардан еңбек заңдылықтарының орындалуын қадағалау бойынша  тексеріс келмейді. Себебі, кепілдік – сенім сертификаты болмақ.  Бүгінде аталған бөлімшеде  3501 маманмен ұжымдық келісімшарт жасалған. Сауықтыру орындарына берілетін жолдамалар бар.  Әрі, теміржолшылар медициналық тексеруден тегін өтеді. Тіпті, ауысым алдында үнемі денсаулығын тексертіп тұрады. Ол үшін медициналық емдеу орындарымен жасалған келісімшарт бар.   – Жыл басынан бері жұмысшылардың өндіріс барысында жарақат алу жағдайы орын алмады. Жұмыс кезінде жеке бас қауіпсіздігін, еңбек нормаларын сақтауға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға 52 млн 521 мың теңге жоспарланса, жарты жылда ол қаржының 32 млн 213 мың теңгесі игерілді.  Теміржолшылардың айлық жалақысы уақытында беріледі, өндірісте жүріп  жарақат алған маманға да материалдық көмек қарастырылған. Бөлімше бойынша 650 өндірістік нысандар тексеріліп, қауіпті жерлер анықталды. Ол аймақтарда еңбек ететін болатжолшыларға тегін сүт беріліп, арнайы жұмыс киімдерімен толық қамтылды.  Бұдан өзге, шипажайға баруына, жылдық еңбек демалысын уақытылы алып, тынығып келуіне жағдай жасалған, – дейді бөлімшенің бас инженері Әбілқасым Айдаров.

Бекәли АЛТЫН, Шымкент