Кепілдік – сенім сертификаты
Жаңалықтар
08.08.2017, 10:04
Шымкент теміржолы бөлімшесінің ұжымына өндірістегі теміржолшылардың еңбек жағдайында қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін ОҚО Еңбек инспекциясы басқармасының «Сенім Сертификаты» табыс етілді.
Аталған екі жылдан бері Еңбек Кодексінің жаңа талаптарына сай, өз қызметкерлерінің денсаулығы мен сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап отырған мекемелерді «Сенім Сертификатымен» марапаттайтын басқарма өкілі Б.Нұрмаханов, бұл құжатқа ие болғандарға енді үш жылға дейін тиісті салалардан еңбек заңдылықтарының орындалуын қадағалау бойынша тексеріс келмейді. Себебі, кепілдік – сенім сертификаты болмақ.
Бүгінде аталған бөлімшеде 3501 маманмен ұжымдық келісімшарт жасалған. Сауықтыру орындарына берілетін жолдамалар бар. Әрі, теміржолшылар медициналық тексеруден тегін өтеді. Тіпті, ауысым алдында үнемі денсаулығын тексертіп тұрады. Ол үшін медициналық емдеу орындарымен жасалған келісімшарт бар.
– Жыл басынан бері жұмысшылардың өндіріс барысында жарақат алу жағдайы орын алмады. Жұмыс кезінде жеке бас қауіпсіздігін, еңбек нормаларын сақтауға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға 52 млн 521 мың теңге жоспарланса, жарты жылда ол қаржының 32 млн 213 мың теңгесі игерілді. Теміржолшылардың айлық жалақысы уақытында беріледі, өндірісте жүріп жарақат алған маманға да материалдық көмек қарастырылған. Бөлімше бойынша 650 өндірістік нысандар тексеріліп, қауіпті жерлер анықталды. Ол аймақтарда еңбек ететін болатжолшыларға тегін сүт беріліп, арнайы жұмыс киімдерімен толық қамтылды. Бұдан өзге, шипажайға баруына, жылдық еңбек демалысын уақытылы алып, тынығып келуіне жағдай жасалған, – дейді бөлімшенің бас инженері Әбілқасым Айдаров.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты