Өткелдегі өзекті мәселе  

Новости
14.06.2016, 17:17
Автокөлік көбейген сайын темір жолдағы өткелдердің қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы артуда.  Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол дистанцияларында өткелдерде автокөлік пен электровоздың соқтығысуы соңғы жылдары қайталанып жатыр. Әйтеуір адам шығыны болмады. Автокөліктердің артқы бөлігі қисайғанмен, жол мен локомотивке айтарлықтай зиян келмеді. Бірақ, ертеңгі күні осы жайт тағы орын алмасын ешкім болжай алмас. Өткелдердегі құрылғыларды жаңарту, заманға сай ету үшін қажетті материалдар қолға уақытылы тимегендіктен, баяғы жартас сол жартас күйінде қалуда. Айта кететіні, бөлімшеге қарасты 3102, 3113, 3255, 3265, 3294, 3301, 3250 шақырымдардағы өткелдерде тосқауыл құрылғысының салынуы күн тәртібіндегі мәселеге айналып отыр.  Оған қоса,  бірқатар өткелдердің төсемдерін резиналы жұмсақ төсемге ауыстыру ісі де жүзеге асуы тиіс болатын. Барлық күзетілетін он үш өткелге бейнебақылау орнатылуы екі жыл бұрын қозғалса да, қаржының тапшылығынан қағаз күйінде сұралып келеді. Арыс – Шымкент, Арыс – Cарыағаш, Түркістан – Арыс телімінде алты өткелге шлагбауым орнату да  «қысқа жіп күрмеуге» келтірмеуде. Қазығұрт – Леңгір теліміндегі шақырымдарға белгі беретін бағдаршамдар қойылу керектігі бес айдың қорытындысында тағы сөз болды. Сонымен қатар, 3102, 3113, 3255, 3294, 3301 шақырымдардағы автокөлік қатынасы кемінде он мыңның төңірегінде, оның ішінде  күніне 500-ден аса қоғамдық көлік қатынайтын өткелде кеңейтілген автожолөткел салу кезек күттірмейтін істің бірі. Тұрғыны көп шоғырланған Қазығұрт – Қызылсай арасындағы бір бағыттағы темір жол бойынан жергілікті тұрғындар өздеріне ыңғайлап өткел салып алған көрінеді. Бірақ жеке бастары үшін қауіпті саналғандықтан, жолшылар жергілікті әкімдікпен, көлік прокуратурасымен және Шымкент станциясындағы ЖІІБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, «жасанды»  өткелдің мәселесін шешуді қолға алған. Алайда, әліге дейін бұл мәселеге нүкте қойылмады. Бірі шағын болғанмен, бірі көлемдіге жататын өткелдердің мәселесі жамаулы көйлектей болып жылдан жылға жалғасып жатыр.

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент

Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути