Өткелдегі өзекті мәселе
Жаңалықтар
14.06.2016, 17:17
Автокөлік көбейген сайын темір жолдағы өткелдердің қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы артуда.
Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол дистанцияларында өткелдерде автокөлік пен электровоздың соқтығысуы соңғы жылдары қайталанып жатыр. Әйтеуір адам шығыны болмады. Автокөліктердің артқы бөлігі қисайғанмен, жол мен локомотивке айтарлықтай зиян келмеді. Бірақ, ертеңгі күні осы жайт тағы орын алмасын ешкім болжай алмас. Өткелдердегі құрылғыларды жаңарту, заманға сай ету үшін қажетті материалдар қолға уақытылы тимегендіктен, баяғы жартас сол жартас күйінде қалуда. Айта кететіні, бөлімшеге қарасты 3102, 3113, 3255, 3265, 3294, 3301, 3250 шақырымдардағы өткелдерде тосқауыл құрылғысының салынуы күн тәртібіндегі мәселеге айналып отыр. Оған қоса, бірқатар өткелдердің төсемдерін резиналы жұмсақ төсемге ауыстыру ісі де жүзеге асуы тиіс болатын. Барлық күзетілетін он үш өткелге бейнебақылау орнатылуы екі жыл бұрын қозғалса да, қаржының тапшылығынан қағаз күйінде сұралып келеді. Арыс – Шымкент, Арыс – Cарыағаш, Түркістан – Арыс телімінде алты өткелге шлагбауым орнату да «қысқа жіп күрмеуге» келтірмеуде. Қазығұрт – Леңгір теліміндегі шақырымдарға белгі беретін бағдаршамдар қойылу керектігі бес айдың қорытындысында тағы сөз болды. Сонымен қатар, 3102, 3113, 3255, 3294, 3301 шақырымдардағы автокөлік қатынасы кемінде он мыңның төңірегінде, оның ішінде күніне 500-ден аса қоғамдық көлік қатынайтын өткелде кеңейтілген автожолөткел салу кезек күттірмейтін істің бірі. Тұрғыны көп шоғырланған Қазығұрт – Қызылсай арасындағы бір бағыттағы темір жол бойынан жергілікті тұрғындар өздеріне ыңғайлап өткел салып алған көрінеді. Бірақ жеке бастары үшін қауіпті саналғандықтан, жолшылар жергілікті әкімдікпен, көлік прокуратурасымен және Шымкент станциясындағы ЖІІБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, «жасанды» өткелдің мәселесін шешуді қолға алған. Алайда, әліге дейін бұл мәселеге нүкте қойылмады. Бірі шағын болғанмен, бірі көлемдіге жататын өткелдердің мәселесі жамаулы көйлектей болып жылдан жылға жалғасып жатыр.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды