Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Шымкент
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында теміржолшылардың 230 ден астам баласы жазғы сауықтыру лагерінде дамалып, Елордаға саяхат жасады. Әсіресе, «ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесіне барып қайтқан балалардың саяхатты ұйымдастырған теміржолшы ағаларына, кәсіподақ комитетіне алғыстары шексіз болды. Елордаға екі күндік саяхатқа барған 32 бала негізінен көп балалы, аз қамтылған отбасының балалары, және оқуда, спортта жетістікке жеткен оқушылар екен. Алғашқы күні халықаралық көрмедегі қазақстандық «Нұр әлем» павилонын, келесі күні және шетелдік павилондарды аралаған балалар Астанадағы мұражайлар мен «Думан» ойын сауық орталығын және саябақтарға да экскурссия жасауға уақыт таба біліпті. Аймақтық кәсіподақ комитетінің төрағасы Хайрулла Сәрсенов «Қазақстан темір жолы» Жүк тасымалы» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Ермек Төлегенов Астана қаласына саяхаттап барған балалармен кездесіп, олармен болашақта мамандық таңдау және білім алу жайында әңгіме-сұқбат құрып, балаға естелік альбом сыйға тартқанын жеткізді. Бұдан бөлек, 7-13 жас аралығындағы 98 оқушы Алматының Талғарында орналасқан «Спутник» лагеріне демалуға аттаныпты. Шымкент, Сарыағаш, Арыс пен Түркістан сынды станциялардан жиналған балаларды Шымкент темір жол вокзалынан кәсіподақ өкілдерімен қатар ата-аналары да шығарып салды.Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА Шымкент