Жаз қызығы жалғасуда…
Жаңалықтар
15.08.2017, 12:16
Үш ай каникулда теміржолшылардың мектеп жасындағы ұл-қыздары үшін жаз қызығы жалғасуда. Биылғы жылы барлық аймақтан балалардың Астанаға арнайы сапары ұйымдастырылып, жас жеткіншектердің ЕХРО-2017 көрмесін тамашалауына мүмкіндік жасалды.
Қызылорда
Өткен апта Сыр елінен Елордаға аттанған топ қарасы мол болды. Қадр және кәсіподақ қызметкерлері бастаған теміржолшылардың 32 баласы жолға шықты. Жол бойы балалардың денсаулығын бақылайтын бір медбике бар.
Сонымен қатар дәл осы №56 «Қызылорда-Көкшетау» пойызымен Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішев бастаған аймақ ардагерлері де Экспо көрмесін тамашалауға жолға шығыпты. Астанаға жол тартқан сырбойылықтарды шығарып салуға қала әкімі орынбасары Шахмардан Байманов пен аймақтық ардагерлер кеңесі төрағасы Сейілбек Шаухаманов бастаған ақсақалдар, әнші-күйші, көпшілік қауым жиылып, жолаушыларға сәттілік тілеп думандатып шығарып салды.
-Жаңақорған мен Сексеуіл станциялары арасындағы теміржолшылардың балаларын Астана қаласын және ЕХРО-2017 көрмесін тамашалауға алып бара жатырмыз. Екі күн Экспоны аралаймыз, балалар үшін барлық жағдай жасалған, тамағы, суы, барған кездегі жатын жайы бәрі реттеліп қойылған,- дейді балалардың жетекшісі әрі жол басшысы, кәсіподақ өкілі Мұхтар Өмірзақұлы.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Шымкент
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында теміржолшылардың 230 ден астам баласы жазғы сауықтыру лагерінде дамалып, Елордаға саяхат жасады. Әсіресе, «ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесіне барып қайтқан балалардың саяхатты ұйымдастырған теміржолшы ағаларына, кәсіподақ комитетіне алғыстары шексіз болды. Елордаға екі күндік саяхатқа барған 32 бала негізінен көп балалы, аз қамтылған отбасының балалары, және оқуда, спортта жетістікке жеткен оқушылар екен. Алғашқы күні халықаралық көрмедегі қазақстандық «Нұр әлем» павилонын, келесі күні және шетелдік павилондарды аралаған балалар Астанадағы мұражайлар мен «Думан» ойын сауық орталығын және саябақтарға да экскурссия жасауға уақыт таба біліпті. Аймақтық кәсіподақ комитетінің төрағасы Хайрулла Сәрсенов «Қазақстан темір жолы» Жүк тасымалы» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Ермек Төлегенов Астана қаласына саяхаттап барған балалармен кездесіп, олармен болашақта мамандық таңдау және білім алу жайында әңгіме-сұқбат құрып, балаға естелік альбом сыйға тартқанын жеткізді. Бұдан бөлек, 7-13 жас аралығындағы 98 оқушы Алматының Талғарында орналасқан «Спутник» лагеріне демалуға аттаныпты. Шымкент, Сарыағаш, Арыс пен Түркістан сынды станциялардан жиналған балаларды Шымкент темір жол вокзалынан кәсіподақ өкілдерімен қатар ата-аналары да шығарып салды.Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА Шымкент
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты