Қытайдың көшбасшы компаниясы – Қазақстанда
Новости
18.08.2017, 10:16
Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елюбаев жетекшілік еткен қазақ делегациясы қытайлық SANY Group Co., Ltd директорлар кеңесінің мүшесі И Сяоган бастап келген делегациямен кездесіп, кездесу соңында ол SANY Group Co., Ltd вице-президенті Ли Цзинцзинмен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қонақтарға Қазақстанға хош келдіңіздер деп қонақжайлық білдірген ҚТЖ вице-президенті Қазақстан мен Қытай арасындағы түрлі салаға қатысты, соның ішінде көліктік-логистикаға байланысты ынтымақтастық жедел қарқынмен дамып отырғанына, бірлескен жобаларға тоқталды.
-Өздерің білесіздер, біздің Ляньюньган портында бірлескен жобамыз бар. Енді «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-дағы Құрғақ порты. Бұл жобаларға екі елдің мемлекет басшылары серпін берді. Бұл екі елдің ынтымақтастығының маңызды екенін айқындай түседі. Екі ел арасындағы жүк тасымалы көлемі артып келеді. Біз Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік тасымалдың ел аумағында жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мүдделіміз. 2011 жылдан бері 2016 жылға дейінгі көрсеткіш 100 есеге дейін артты. Біздің кеңселеріміз Қытайдың Үрімші, Ляньюньган, Гонконг, Чуньцин қалаларында бар. Көптеген инвесторлар индустриалдық логистикалық аймаққа қызығушылық білдіруде. 2020 жылға дейін жоспарланып отырған инвестиция көлемі 2 млрд доллар шамасын құрайды деп күтілуде. Біз сіздердің компания туралы жақсы білеміз, сондықтан ынтымақтастығымыз екі жаққа да өзара тиімді нәтиже әкеледі деп үміттенеміз, – деді Санжар Елюбаев.
Бұдан соң қытайлық делегация жетекшісі И Сяоган сөз алып, қонақжай қазақ еліне алғысын білдірді.
-Бұл менің Қазақстанға бірінші рет келуім. Үкімет басшысы, Энергетика министрімен, Астана қаласы және Алматы облысы әкімдерімен кездестім. Үкімет басшысына «ҚТЖ» ынтымақтастығымыз туралы баяндадым. Арнайы техника шығарудан SANY Group Қытайда бірінші орынға, ал әлем бойынша бесінші орынға ие. Порттық техника жабдықтарын, атап айтқанда, ашалы жүк тиегіш, контейнер жүк тиегіштері, мосылық кран сияқты тағысын тағы техникалар шығару саласында да өрісіміз кең,- деді И Сяоган.
Өйткені, оның компаниясы жел энергетикасымен айналысады екен. Тіпті, И Сяоган мырза Астана қаласының әкімімен кездескенде, жел генараторларын қала маңына орнату арқылы энергетиканы жеткізу мәселесін қозғапты. Мәселен, қыс мезгілінде жел ресурстарын пайдалану арқылы қалаға жылу беруге болады. Соның арқасында қуат көзі көп үнемделмек. Қала әкімі бұл жобаға қатты қызығушылық білдіріп, оны егжей-тегжейлі талқылау үшін тағы да кездесу белгілепті. Сонымен қатар мәртебелі мейман Алматыдағы кездесуінде қуаттылығы 50 МБ асатын жел электростанциясына қатысты жобаны талқылапты. «Бұл жобалар Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігі мол екенін айқындап беруде. Біздің салалық ынтымақтастығымыз сәтті болады деген сенімдемін» деп түйіндеді сөзін И Сяоган.
Өз кезегінде Санжар Елубаев бұл жобалардың бәрі маңызды әрі қызықты екенін, өйткені, қазақтың даласы кең және желі де күшті болғандықтан, альтернативті энергия қазақ елі үшін өзекті екенін атап өтті.
Ал SANY Group Co., Ltd аға вице-президенті Дуан Давэй: «Корпорация SANY Group «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Сондықтан біз мемлекеттік және коммерциялық құрылымдармен тығыз байланыстамыз, олар өз кезегінде біздің осы жобаға қатысуымызға мүмкіндік беріп отыр. Ал бүгін қол қойып отырған Ынтымақтастық туралы меморандум, Қытайдың мемлекеттік түрлі құрылымдарына біздің корпорацияның шығып, осы жобаға қатысушылар қатарынан болғандықтан қаржы сұрауымызға құқық береді» дей келе ҚТЖ басшылығын Қытайға SANY Group зауыттарын аралауға шақырды.
Айта кетейік, SANY Group Co., Ltd корпорацияның Қытайдың жер-жерінде 50 зауыты бар екен. Бұдан соң тараптар меморандумға қол қойып, ескерткіш сыйлықтармен алмасты.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова