Қытайдың көшбасшы компаниясы – Қазақстанда

Жаңалықтар
18.08.2017, 10:16
  Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның  логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елюбаев жетекшілік еткен қазақ делегациясы қытайлық SANY Group Co., Ltd директорлар кеңесінің мүшесі И Сяоган бастап келген делегациямен кездесіп, кездесу соңында ол SANY Group Co., Ltd вице-президенті Ли Цзинцзинмен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қонақтарға Қазақстанға хош келдіңіздер деп қонақжайлық білдірген  ҚТЖ вице-президенті Қазақстан мен Қытай арасындағы түрлі салаға қатысты, соның ішінде көліктік-логистикаға байланысты ынтымақтастық жедел қарқынмен дамып отырғанына, бірлескен жобаларға тоқталды.    -Өздерің білесіздер, біздің Ляньюньган портында бірлескен жобамыз бар. Енді «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-дағы Құрғақ порты. Бұл жобаларға екі елдің мемлекет басшылары серпін берді. Бұл екі елдің ынтымақтастығының маңызды екенін айқындай түседі. Екі ел арасындағы жүк тасымалы көлемі артып келеді. Біз Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік тасымалдың ел аумағында жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мүдделіміз. 2011 жылдан бері 2016 жылға дейінгі көрсеткіш 100 есеге дейін артты. Біздің кеңселеріміз Қытайдың Үрімші, Ляньюньган, Гонконг, Чуньцин қалаларында бар. Көптеген инвесторлар индустриалдық логистикалық  аймаққа қызығушылық білдіруде. 2020 жылға дейін жоспарланып отырған инвестиция көлемі 2 млрд доллар шамасын құрайды деп күтілуде. Біз сіздердің компания туралы жақсы білеміз, сондықтан   ынтымақтастығымыз екі жаққа да өзара тиімді нәтиже әкеледі деп үміттенеміз, – деді Санжар Елюбаев. Бұдан соң қытайлық делегация жетекшісі И Сяоган сөз алып, қонақжай қазақ еліне алғысын білдірді. -Бұл менің Қазақстанға бірінші рет келуім. Үкімет басшысы, Энергетика министрімен, Астана қаласы және Алматы облысы әкімдерімен кездестім. Үкімет басшысына «ҚТЖ» ынтымақтастығымыз туралы баяндадым. Арнайы техника шығарудан  SANY Group Қытайда бірінші орынға, ал әлем бойынша бесінші орынға ие. Порттық техника жабдықтарын, атап айтқанда, ашалы жүк тиегіш, контейнер жүк тиегіштері, мосылық кран сияқты тағысын тағы техникалар шығару саласында да өрісіміз кең,-  деді  И Сяоган.   Өйткені, оның компаниясы жел энергетикасымен айналысады екен. Тіпті, И Сяоган мырза Астана қаласының әкімімен кездескенде, жел генараторларын қала маңына  орнату арқылы энергетиканы жеткізу мәселесін қозғапты.  Мәселен, қыс мезгілінде жел ресурстарын пайдалану арқылы қалаға жылу беруге болады. Соның арқасында  қуат көзі көп үнемделмек. Қала әкімі бұл жобаға қатты қызығушылық білдіріп, оны егжей-тегжейлі талқылау үшін тағы да кездесу белгілепті. Сонымен қатар мәртебелі мейман Алматыдағы кездесуінде қуаттылығы 50 МБ асатын  жел электростанциясына қатысты жобаны талқылапты. «Бұл жобалар Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігі мол екенін айқындап беруде. Біздің салалық ынтымақтастығымыз сәтті болады деген сенімдемін» деп түйіндеді сөзін И Сяоган. Өз кезегінде Санжар Елубаев бұл жобалардың бәрі маңызды әрі қызықты екенін, өйткені,   қазақтың даласы кең және желі де күшті болғандықтан, альтернативті энергия қазақ елі үшін өзекті екенін атап өтті.   Ал SANY Group Co., Ltd аға вице-президенті Дуан Давэй: «Корпорация  SANY Group «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Сондықтан біз мемлекеттік және коммерциялық құрылымдармен тығыз байланыстамыз, олар өз кезегінде  біздің осы жобаға қатысуымызға мүмкіндік беріп отыр. Ал бүгін қол қойып отырған Ынтымақтастық туралы меморандум, Қытайдың мемлекеттік түрлі құрылымдарына біздің корпорацияның шығып, осы жобаға қатысушылар қатарынан болғандықтан қаржы сұрауымызға құқық береді» дей келе ҚТЖ басшылығын Қытайға  SANY Group зауыттарын аралауға шақырды. Айта кетейік, SANY Group Co., Ltd корпорацияның Қытайдың жер-жерінде 50 зауыты бар екен. Бұдан соң тараптар меморандумға қол қойып, ескерткіш сыйлықтармен алмасты.

Сұлугүл БАКЕСОВА  

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты