Жаңатас: жүк көлемін арттыруға кепіл бар

Новости
25.08.2017, 18:20
Жамбыл теміржолына қарасты  Жаңатас станциясының аты елеусіз болса да әлеуеті зор.  Облыс орталығынан шалғай жатса да «КазАтомпром», «ЕвроХимҚаратау», «Қазфосфат» сынды ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс жасап отырған станцияда жыл он екі ай қызу жұмыс саябырсыған емес. Кезінде, кеңестер одағының дүркіреп тұрған шағында Жаңатастың аты шартарапқа кеткені рас. Бүгін ондай даңғы болмаса да өзіне жетерлік өндірісі, соған орай тасымал көлемі бар станция теміржолшылары өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.  Айына орта есеппен елу вагон жүк жөнелтіп отырған станцияда контейнерлік жүк тиеу әдісі мықты жолға қойылған. Тиелген жүк ел аумағынан бөлек ТМД мемлекеттерімен қатар, шетелге де тасымалданып отыр. –Қазіргі күні тамыз айына межеленген жоспар толық орындалды. Станцияда отыз адам еңбек етеді. Станцияда жүк қабылдап алатын алты телім және сұрыптау сегіз телімі бар. Алдағы жылы «ЕвроХимҚаратау» компаниясы Жаңатас қаласынан Түркістанға дейін темір жол салып беру жобасын да қолға алып отыр. Бұл жұмыс көлемін арттырып, жүк тиеу мен түсіру, тасымалдау көлемін де ұлғайтары сөзсіз, – дейді отыз теміржолшы еңбек ететін станцияны жиырма жылға жуық басқарып келе жатқан Бескен Нарбаев.   Станция бастығының айтуынша, Жаңатаста жүк көлемін арттыруға барлық мүмкіндік бар. Өйткені, соңғы кезде фосфорлы тыңайтқышқа сұраныс  артып отырғаны байқалады, осыған орай фосфор өндірісі де жанданып, кәсіпорындар өз жұмысын белсенді жүргізуге кіріскен.  – «ЕвроХимҚаратау» ЖШС өз жұмысын мықтап жолға қойып отыр. Алдағы жылдары үш зауыттың құрылысын жүргізгелі отырған бұл компанияның дайын тауарларын тасымалдауда жұмыс көлемі артатын болады. Оның үстіне «Қазфосфат» ЖШС өнімдерін тиеуде де жұмыс ауқымы артып отыр, – дейді станция басшысы.  Келген жүк станцияда қабылданып, тұтынушылар оны осы жерден тиеп алып кетеді. Станцияда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық талаптар қатаң сақталған. Ал ұрлық-қарлықтың алдын алып, жүктің сақталымын  әскериленген темір жол күзеті қамтамасыз етіп отыр.  Жаңатас станциясы қаласының ортасында тұрғандықтан жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін бақылап, мал басының станция жолдарына шығып кетпеуі қатаң қадағаланады. Биылғы жылы мал және адам басу оқиғалары орын алмаған. Қазір жаңа оқу жылының қарсаңында жолдың маңына жақын орналасқан үй тұрғындары мен мектеп оқушыларының арасында жолдан өту қауіпсіздігіне орай түсінік жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.  

Ерман Әбдиев, Жаңатас

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова